Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТВ қарап, газет оқитындар азайып барады - TNS Central Asia басшысы

ТВ қарап, газет оқитындар азайып барады - TNS Central Asia басшысы

Қазақстанда күнделікті теледидар қарап, газет оқитындардың саны азая түсуде. Бұл туралы бүгін Astana Media Weeк аясында өтіп жатқан «Өңірлік БАҚ» форумында TNS Central Asia бас директоры Татьяна Старцева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстанда теледидарды кемінде күніне бір рет халықтың 76 пайызы көреді. Мен қала тұрғындары жайында айтып отырмын. Ал ауылдықтардың дағдылары біршама өзгерек. Интернетті халықтың 51 пайызы қарап, 36 пайызы радио тыңдайды, тағы 10 пайызы баспасөзді оқиды. Соңғы 3 жылда көрсеткіштер әсіресе интернетте айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын көріп отырмыз. Интернетке күнделікті кіретіндер саны айтарлықтай артты, соңғы үш жылда - 14 пайызға. Теледидарды көретін күнделікті аудитория 5 пайызға, баспасөз оқитындар саны 5 пайызға қысқаруда. Ал радио аудиториясы шағын болғанымен, өте тұрақты», - деді ол.
Оның дерегінше, адамдар 200 минутын теледидар көруге, шамамен 150 минутын интернет қарауға жұмсайды. Ал радионы қосқан адамдар оны тыңдауға шамамен 2 сағатын шығындайды.
«Теледидар қарау уақыты да қысқар түскен. Бір түрлі көрінсе де интернетті пайдалану уақытты да азая түскен. Бұл ең алдымен пайдаланушылар санының артуымен байланысты. Егер ертеректе интернетті негізінен белсенді, уақытының көбін соған жұмсайтын пайдаланушылар қолданса, қазір олардың қатарын қысқа ғана уақыт пайдаланушылар толықтырып отыр», - деді TNS Central Asia бас директоры.
Татьяна Старцеваның сөзіне қарағанда, адамдардың бұқаралық ақпарат құралдарына бөлетін уақыттарының шамамен 50 пайызын теледидар алады.
«Екінші орында интернет - 32 пайыз, радио - 15 пайыз, дәстүрлі баспасөз - 3 пайыз. Осылайша, үш жылдың ішінде телевидение үлесі 8 пайызға қысқарып, интернет үлесі 11 пайызға артып отыр. Радио мен дәстүрлі баспасөз үлесі іс жүзінде өзгеріссіз қалуда», - деді ол.
27 қыркүйек 2018 ж. 1 211 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930