Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы 5 жылда Қызылорда облысында 50-ден астам өндіріс орны пайдалануға берілді

Соңғы 5 жылда Қызылорда облысында 50-ден астам өндіріс орны пайдалануға берілді

Қызылорда облысында 50-ден астам өндіріс іске қосылса, оның он алтысы – ірі кәсіпорын. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы айқындап берген және 2013 жылдан бастап біз алдымызға қойған басты міндет – бұл экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің шамамен 70 пайызы мұнай мен уран өндірудің үлесінде екенін, бұл ретте, кейбір мұнай ұңғымаларынан шыққан шикізаттың қазірдің өзінде 98 пайызы суланғанын ескерсек, біз үшін бұл – бірден-бір жол», – деді аймақ басшысы.
Облыс 2017 жылы бір ғана көрсеткіш бойынша, әсіресе, мұнай өндіруде оң векторға қол жеткізе алмауына себеп болған осы фактор – өнеркәсіп өндірісінің көлемі. Өңірдің даму қарқынын көрсететін барлық басқа макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізді.
«Соңғы бес жылда атқарған жұмыстар нәтижесінде мұнай мен уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп толығымен айта аламыз. Осы бес жыл ішінде облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның он алтысы – ірі және орта кәсіпорын. Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға артты», – деп атап өтті облыс әкімі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.





14 ақпан 2018 ж. 1 199 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 166

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 224

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728