Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол табу үшін "жол сілтеушінің" көмегінен бас тартпаңыз

Жол табу үшін "жол сілтеушінің" көмегінен бас тартпаңыз

Навигаторларды пайдалана білген адамға жолға шыққанда көмегі өте көп
Навигаторды кейбір адамдар жүйелі пайдаланса, кейбірі бұл қосымшалардың қандай тиімділігі бар екенін білмеуі де мүмкін. Ал, қосымшаларды қарап, таңдаған кезде «ең жақсы» деп танылған түрлері көптеп кездеседі. Бұл түрлер ерекшеліктер мен талғамдардың барлық жиынтығы деп айтуға болмайды. Себебі, біреудің ұнататыны басқа адамның оң жамбасына келе бермейді. Бірақ бүгінгі күнге дейінгі ең танымал навигаторлардың бірнеше нұсқасын атап өтуге болады. Олар расында сенімді және "4" пен "5" деген дәреже аралығында бағаланғандар. Бұл навигаторлар өздерінің функционалдылығын, мүмкіндігін және адамдарға пайдалы екенін растап үлгерген.
1. «NAVITEL»
«Android» үшін арналған барлық навигациялық-бағдарламалық жасақтама бұл бағдарламаның танымалдығына себеп болған. Бұл навигатор түсінуге оңай, өйткені «NAVITEL» өте ыңғайлы интерфейсі бар, функционалдығы бай, қалалардың карталарын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде көру мүмкіндігі қарастырылған бағдарлама. Бұл бағдарламаны «Android» операциялық жүйесіндегі гаджеттері бар көптеген пайдаланушылар іздейді де тұрады. Ең функционалды «navitelovskogo» навигатор қалыпты пайдалану үшін жеткілікті.
Сондай-ақ, жолдағы ауытқулар немесе көлік құралын орналастыру туралы айтылған пікірлер арасында теріс әсер беретіндері де бар. Айта кету керек, бұл бағдарламаның қателігі емес. Көбінесе бұл ақаулар ауа райына немесе гаджетте орнатылған GPS модуліне байланысты болады.
2. «iGO Primo»
Android-қа арналған «ең үздік навигациялық бағдарламалардың» тізімінде екінші орынды алып отыр. Бұл сондай қарапайым және өте көп функциясы бар бағдарлама. GPS модульдері бар барлық дерлік мобильді құрылғыларға бейімделген.
Атап айтсақ, алдағы жол жағдайы туралы хабарламада және бейтаныс жерде болса «жүргізушіге қайтар жолды тауып беру» мүмкіндігі сияқты қарапайым және өте пайдалы мүмкіндіктерімен жоғары бағаланады. Бұдан басқа, еліміздің барлық дерлік қалаларының толық карталары ұсынылған.
3. «Қалалық нұсқаулық»
Бағдарлама қаланың айналасында жиі жүретін адамдар арасында танымалдылыққа ие болған. Такси жүргізушілері, жеткізу қызметін атқаратындар және т.б. үшін жасайтын қызметі орасан зор. Тұтастай алғанда, «қалалық нұсқаулықта» кептелістердің бар болуы мен зардабы туралы нақты ақпараттар беріледі. Сондай-ақ, ОСМ-нің (Ашық жол карталарының) тегін карталарын пайдалану мүмкіндігі де бар.
Сондай-ақ, «Android» үшін арналған барлық навигациялық бағдарламаларды салыстырсақ, онда бұл жол сілтеуші белгілі бір елді мекенде қолдануға ең қолайлысы екеніне көзіміз жетеді.
4. «Яндекс Навигатор»

«Жол бағыттаушысын» жасайтын ең танымал компаниялардың бірі – «Яндекс» стандартты карталарды өмірде қолдануға ыңғайлы ету жүйесінің үздігіне айналып үлгерген. Аталған қосымшаға Қазақстанмен қатар көршілес Ресей, Белоруссия, Украина және т.б. елдердің қалалары мен шағын елді мекендерінің картасын егжей-тегжейлі ендіріп қойған. Бұл навигациялық бағдарлама көбінесе смартфондарда және планшеттерде алдын-ала орнатылып қойған. Бұл – адамдар үшін өте пайдалы және көп функционалды қосымша болып табылады. 5. «Google Maps»
Бұл навигациялық бағдарлама, сондай-ақ «Yandex.Navigator» Android OS жүйесінде жұмыс істейтін барлық құрылғыларда алдын-ала орнатылған. Оның танымалдылығының себебі мынада, операциялық жүйенің өзі – Google-дің дамуына байланысты. Бұл ең толық навигатор деп айту қате болады, алайда бұл карта Google-мен бірге әрдайым жаңарып отырады.
Сондай-ақ, оның функционалдылығы мен мүмкіндіктері іздеген жерді дұрыс бағыттау және маршруттар жасау үшін жеткілікті.
6. «Sygic: GPS навигациясы»
Бұл навигациялық-бағдарламалық жүйе қосымшалардың арасында ТМД карталарын қамтамасыз ететін ең танымал түрі болып табылады. Бұл фактыны халықаралық қоғамдастықтың өзі растаған. «Android» үшін арналған навигациялық-бағдарламалық жүйе көптеген қажеттіліктерді қамтамасыз ететіндердің бірегейі.
Сондай-ақ, «Sygic: GPS Навигация» егжей-тегжейлі карталармен жақсы жұмыс істей алады. Сонымен қатар, пайдалушылар үшін бағдарламаға аттракциондар, мейрамханалар, газ станциялары, ауруханалар, бағдаршамдар, камералар және т.б. орындар туралы барлық ақпаратты енгізген. Тіпті, дауыс нұсқаулығы мен «жаяу жүргіншілер режимі» де қарастырылған. Өкінішке орай, бұл навигациялық бағдарлама барлық құрылғыларда жұмыс істемейді.
7. «2 ГИС картасы»
Аталған бағдарлама кез келген қала және ондағы мекемелер туралы толық ақпарат табуға көмектеседі. Әр қаладағы мекемелер туралы нақты мәлімет алуға мүмкіндік бар, соның ішінде: нақты адресін, байланыс телефондарын, жұмыс жасау кестесін және т.б.
Сондай-ақ, «2ГИС» сервисінде тек бизнес саласындағы нысандар емес, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер: емханалар, балабақшалар, мектептер басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар туралы мәліметтер табуға болады. Айта кетейік, «2ГИС мобильді қосымшасын» тегін GooglePlay и AppStore арқылы жүктеуге, бағдарламаныкомпьютер мен ноутбукқа 2gis.kz сайты арқылы орнатуға болады. «2ГИС» қосымшасының қазіргі қолданушыларына қызметті пайдалану үшін тізімінен керекті қаласын таңдау жеткілікті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Android» (планшеттер мен смартфондар) үшін ең танымал навигациялық-бағдарламалық қосымшаларды қарастыра келе, әрбір бағдарламаның өзіндік артықшылықтары бар деп қорытындылауға болады. Барлығы пайдаланушылардың талғамына байланысты. Кейбіреулер функционалдылықты және мүмкіндіктердің көп болуын таңдайды. Ал, басқалары – пайдаланудың қарапайымдылығын және параметрлердің аз болғанын қалайды. Жоғарыда аталған тізім навигатор түрлерін толық қамти алмайды, өйткені көптеген сапалы навигациялық бағдарламалар бар. Кейбіреулері жаяу немесе көлікпен дұрыс жүруге жақсы, ал басқалары саяхаттайтын көрікті жерлері таңдауға ыңғайлы. Сондықтан, «жол сілтеушіні» өз бетіңізше тексеріп, қолайлысына таңдау жасаңыз.
26 қыркүйек 2018 ж. 1 235 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930