Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада алты жасар бала автокөлік сүйреді

Астанада алты жасар бала автокөлік сүйреді

Алты жасар Бекмансұр Ақмола облысындағы Қажымұқан ауылында автокөлікті 20 метрге сүйреп, рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін "Денсаулық күніне" орай біздің ауылда, қазақтың біртуар балуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туған жерінде 6 жасар Бекмансұр жеңіл автокөлікті 20 метр қашықтыққа тартып, рекорд орнатты. Өзінің кішкентай болғанына қарамастан, Бекмансұр нағыз батыр. Ол мені өзінің ағасындай көріп, үнемі жақын тартып жүреді. Мен мұны мақтан тұтамын. Астана қаласында тұратын жас батырдың алғашқы жеңісінің куәсі болу мен үшін, біздің ауылдың тұрғындары үшін зор мәртебе! Алға інім! Қанатың ешқашан талмасын! Қажымұқан атамыздай балуан бол! Аллам өзіңді қолдасын!", - деп жазды Амир Махмет Facebook желісінде.
12 жастағы Амир Махметтің өзі өткен жылы Астанада EXPO-2017 аумағында бөтелке үстінде кеудені жерден көтеру жаттығуы бойынша әлем рекордын орнатқан еді.
kaz.tengrinews.kz

13 қыркүйек 2018 ж. 1 711 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031