Кешенді жоспар бекітілді
Облыс әкімдігі мен Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және Қызылорда облысының экологиясын жақсарту бойынша кешенді жоспар бекітілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қызылордада облыс басшылығы, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, мүдделі мекемелер және мемлекеттік органдардың қатысуымен мәжіліс өтті.
"ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімдерінің арқасында Қазақстан "жасыл экономиканы" іске асыруға бағытталған бірқатар бастамалардың бастаушысына айналып отыр. Оларды іске асыру бизнес пен ғылымның күшін біріктіруді, мемлекет пен халықаралық ұйымдардың жүйелі қарым-қатынас құруын талап етеді. Үкіметтік емес ұйымдарға осы сала бойынша үлкен жауапкершілік артылуда. Қазіргі таңда олардың республика бойынша жалпы саны шамамен 20 000-ға жетті, олардың 8%-ы қоршаған ортаны қорғау және жасыл технологиялар саласында жұмыс істейді. Қызылорда облысында қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 7 ұйым жұмыс істеп тұр", - деді аймақ басшысы.
Қол қойылған меморандум аясында тараптар бірқатар міндеттерді шешуді жоспарлап отыр: Қызылорда облысының қоршаған ортасын жақсарту бойынша бірлескен кешенді шараларды жүзеге асыру; Төмен көміртекті даму принциптерін қолдана отырып, жалпы экологиялық жағдайды жақсарту стратегиясын әзірлеу және бекіту үшін интерактивті платформа құру; Атмосфераға түрлі көздерден көмірқышқыл газын шығаруды азайту үшін экологиялық, ғылыми-зерттеу және мониторинг қызметін жүзеге асыру үшін әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру.
Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Айдар Абдуалиев Қоршаған ортаны қорғаудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.
Жоспар сегіз блоктан тұрады, олардың әрқайсысында нақты іс-шаралар мен жауапты тұлғалар және қаржыландыру түрлері көрсетілген.
"Кешенді жоспарды іске асыру үшін қажетті қаражат жобалық-сметалық құжаттары мен техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелеріне байланысты болады", - деді Айдар Абдуалиев.
Мысалы, "стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы заттардың қалдықтарын азайту" бірінші блогында, аймақтағы өнеркәсіптік өндірістермен шаң-газ ұстайтын жабдықтар мен қондырғыларды уақытылы жөндеу арқылы ластаушы заттардан бөлінетін қалдықтарды біртіндеп азайтуға бағытталған салалық экологиялық шаралар саласын қамтамасыз ету қарастырылған; Атап айтсақ, стационарлық көздердің қалдықтарын азайту жөніндегі шараларды іске асыру; Жеке үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды кезең-кезеңмен газдандыру.
Екінші блок жылжымалы көздерден ауаға ластаушы заттардың қалдықтарын азайтуға бағытталған, бұл көлік құралдарының газбен жүруге көшіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және пайдаланылған газдардың қалдықтарын экологиялық стандарттарын сақтау үшін қоғамдық көліктерді, коммуналдық және жеке автокөліктерге тексеру жүргізуді көздейді.
Үшінші блок "Жасыл белдеуді дамыту, көгалдандыру және абаттандыру" мәселесін қамтиды: санитарлық қорғау аймағын және өнеркәсіптік кәсіпорындар аумағын көгалдандыру, сондай-ақ Қызылорда қаласының айналасында жасыл белдеу құру; Арал ауданының Ақеспе, Шижаға, Сазды, Қосаман, Сексеуіл ауылдық округтерінде ағаш отырғызу арқылы құмның таралуына қарсы тұру шаралары. Бұл бағыттағы жұмыстар 80 миллион теңгені қажет етеді.
Төртінші блок өнеркәсіп және өндіріс қалдықтарын басқару, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатты тұрмыстық қалдықтарының қоқыстарын болдырмау жөніндегі шараларын, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін арнайы контейнерлермен жабдықтау мәселелерін шешуге бағытталған.