Қазгидромет республиканың 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" 2025 жылғы 13 қазанда Қазақстанның 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 13 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қарағанды қ.: 13 қазанда түнде жолдарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 13 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 13 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 13 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік -батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысынның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 13 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 13 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Павлодар қ.: 13 қазанда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.