Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суицидке жиі баратындар – ер адамдар

Суицидке жиі баратындар – ер адамдар

Қазақстанда соңғы бір­неше жыл ішінде суицидтердің саны бір деңгейде қалып отыр
Фото istockphoto.com
Кез келген ажал құшқан азамат толықтай бір қоғамның руханиятына дерт болып жабысады. Өкінішке қарай, елімізде өз-өзіне қол жұмсау статистикасы жаға ұстатып отыр. Aiqyn газеті авторы бұл жайлы мақала жазды.

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу құр­бандары көбіне ер адамдар. Биылғы жыл­дың алғашқы бес айындағы ста­тис­ти­ка бойынша зардап шеккендердің 71,5%-ы немесе 377 адам – ер адамдар. Ең жиі кез­де­сетін жас санаты – 30 мен 49 жас ара­лығындағы орта жастағы адамдар. Олар­дың жиынтық үлесі 40,8%-ды құ­рай­ды. Осы статистикадағы 18 жасқа дейін­гі балалар мен жасөспірімдердің үле­сі 10,4% немесе 55 адамды құрайды.

Бұл жағдайдың басты себебін әлеу­мет­танушы Темірлан Төлеу экономи­ка­лық факторға теліді.

– Көптеген қоғамда, соның ішінде Қазақстанда да, ер адамдардан «жер тірегі болу», материалдық және моральдық жауап­кершілікті көтеру керек деген көз­қарас қалыптасқан. Бұл қысым пси­хо­логиялық тұрғыда ауыр тиеді. Оның үсті­не, ерлерге «жылама», «әлсіз болма» де­ген нормалар жиі сіңіріледі. Соның сал­дарынан олар психологиялық көмек сұ­рауға сирек барады. Менің ойымша, ең бас­тысы – экономикалық фактор. 30-49 жас аралығы еңбекке қабілетті, отба­сы­лы, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кезең. Жұмыссыздық, қарыз, кәсіби күй­зеліс сияқты факторлар осы топқа қат­ты әсер етеді. Осы және басқа да фак­торлардың әсерінен ер адамдардың ара­сын­да өзін-өзі қол жұмсау жоғары, – дей­ді әлеуметтанушы.

Жалпы алғанда, Қазақстанда соңғы бір­неше жыл ішінде суицидтердің саны бір деңгейде қалып отыр. Осы жылдың алғашқы бес айында Қа­зақстанда 1,4 мың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді. 69,8% жағдайда мұндай шара­сыз қадамға ер адамдар барған. кә­мелет жасына толмаған 89 бала қаза тапты. Сон­дай-ақ кәмелетке толмағандар ара­сын­да өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің 195 жағ­дайы тіркелді.
12 қазан 2025 ж. 162 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031