Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Төрлет, құтты Жаңа жыл!

Төрлет, құтты Жаңа жыл!

Аудандық білім бөлімінің және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің ұйымдастыруымен ауданық оқушылар үйінде «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыларға арналған жаңа жылдық кеш болып өтті.
Балалардың мерекелік шыршасының жоғары деңгейде өтуіне аудандық оқушылар үйі, мектеп психологтары, дефектологтары және ПМПК мамандары демеушілік жасады.
Жаңа жылдық кешке үйден оқитын 28 оқушы қатысты. Кеш аудандық оқушылар үйінің қызметкерлерінің ертегі қойлымымен ашылды.
Кеште Қазалы ПМПК меңгерушісі А.Тілеумбетова балаларды мерекелерімен құттықтап, жаңа жылда табыстар тіледі. Балалар әсем безендірілген жаңа жыл шыршасын айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алды. Кеш соңы топтық бимен  ұласып, балалар жақсы көңіл күймен қайтты.
А.ЕЛЕУСІЗОВА,
Қазалы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация дефектологы.
***
Жаңа 2018 жылдың қарсаңында №249 мектеп-лицейде шыршалар байқауы өтті. Байқауға мектепалды даярлықтан бастап 11 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі шарты – қағаздан, полеэтилен пакеттерден, ағаш, тал, мата қалдықтарынан, шарлар мен сымдардан шырша жасау. Осылайша әрбір сынып бір-бір шыршадан жасап шығарды. Әсем әрі әдемі безендірілген шыршалар көздің жауын алады. Олардың жасалу тәсілі, түстері де әр түрлі. Байқау кезінде әр сыныптан бір оқушы өздерінің қолдан жасаған шыршаларын таныстырып өтті. Нәтижесінде ең үздік деп танылған шыршалар анықталды.
Құралай ӘЛІШЕВА,
№249 мектеп-лицей тәлімгері.
03 қаңтар 2018 ж. 4 194 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930