Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайт сапасы қайткенде артады?

Сайт сапасы қайткенде артады?

Бүгін Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты ақпарат құралдарының сайт қызметкерлеріне арналған практикалық семинар өтті.
«Веб-аналитика және ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы жиынды «Grand master» бағдарламалау мектебінің директоры Алмат Қуанышбаев жүргізді. Ол мүмкіндігі шектеусіз, шекарасы кең интернет әлеміндегі біз біле бермейтін кейбір мәселелерді, сайттардың сапасын, рейтингін көтеруге байланысты ұсыныстарды ортаға салды.
Бүгінде бүкіл әлем ақпараттық технологияның жетістігіне тәуелді. Сайттардың жандануы – соның дәлелі. IT саласының маманы газеттердің қағаз нұсқадан электронды форматқа ауысуының әлем бойынша бірқатар мысалын келтірді. Бұл – уақыт талабы.
Қазіргі күні «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты 11 газет пен серіктестіктің сайты, «Кызылорда-ньюс» интернет газеті жұмыс істеп тұр. Семинарда Алмат Қуанышбаев олардың жұмысын жандандыру бағытындағы шаралар туралы айтты. Ақпарат құралдарының өкілдері де сайттардың сапасын, қаралымын арттыруға байланысты ұсыныс-пікір білдірді.
Жиын соңында қатысушыларға кәсіби дайындықтан өткені жөнінде сертификаттар табыс етілді.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
05 қыркүйек 2018 ж. 1 126 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930