Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрдің құттықтауын табыс етті

Министрдің құттықтауын табыс етті

Бүгін «Сыр медиа» ЖШС-ға қарасты облыстық «Қызылорда ньюс» интернет газетінің бас редакторы Дәуіржан Елубаевқа білім саласының жаңалықтарын интернет басылымда үзбей жариялап, насихаттағаны үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан еліміздің байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен арнайы «Құттықтау хаты» келді.  
Астанадан жеткен министрдің құттықтауын облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Қарабалаев жеткізді.  
Ерлан Жағыпарұлы өз сөзінде атқарушы билік органдарының жұмысы туралы қалың оқырманға жедел және дәлелді ақпарат жеткізуші БАҚ өкілдерінің қоғамдағы еңбегінің ерекше екендігін атап өтті. Аймағымыздағы ақпарат құралдары арасында «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты мерзімдік және электронды баспа қызметінің маңызы айрықша екенін жеткізді.  
Білім саласының жаңалықтарын республика жұртшылығына дер кезінде жеткізіп, саланың белелінің артуына үлес қосқаны үшін «Қызылорда-ньюс» интернет басылымының ұжымына шынайы алғысын білдірді.
– Білім және ғылым министрінің құттықтауын бүкіл ұжымға көрсетілген құрмет деп есептеймін. Зор жауапкершілікті қажет ететін білім саласының өкілдерінің еңбегіне табыс тілеймін, -  деді Дәуіржан Елубаев.
Біз де әріптесімізге тың шығармашылық табыс, сарқылмас жігер тілейміз.

kyzylorda-news.kz
22 шілде 2018 ж. 1 300 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930