Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылдың «Әдемі әуезді азаншысы» анықталды

Жылдың «Әдемі әуезді азаншысы» анықталды

«Нұр Ғасыр» мешітінің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ІІІ республикалық «Әдемі әуезді азаншы» жарысы өз мәресіне жетті. Төрешілер шешімімен, Қызылорда облысы, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Шыңғыс Жаппарханұлы «Әдемі әуезді азаншы – 2018» деген атқа лайық деп танылды. Бәйге жеңімпазына 1 000 000 теңгенің қаржылай сертификаты мен байқаудың естелік кубогі сыйға берілді. Марапатты жарыс демеушісі Құлғазиев Келбатыр мырза салтанатты түрде табыстады. Айта кету керек, жарыс жеңімпазы атанған Шыңғыстың жасы небары 24-те. Ол – бүгінгі байқаудың ең жас қатысушысы.
Жарыстың ІІ жүлделі орнын «Нұр Астана» мешітінің азаншысы Хадиршаев Салман Абдулхафизұлы иеленді. Елорда мерейін асқақтатқан азаматқа арнайы кубок және Умра қажылығына жолдама берілді. Үздік үштікті қорытындылаған «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің азаншысы Темірғалиев Серік (Павлодар) ІІІ жүлделі орынды жеңіп алды. Ол арнайы кубокпен және 300 000 теңге көлемінде қаржылай сертификатпен марапатталды. Өзге қатысушылардан оза шапқан тағы да 2 қатысушы ынталандыру жүлдесіне ие болды. Талдықорған өңірінен келген Ғазиз Нұржол мен атыраулық азамат, «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Иманғалиев Ержанға 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы және Алғыс хаттар табыс етілді. Байқаудың бұдан өзге барлық қатысушыларына 50 000 теңгеден берілді.



22 тамыз 2018 ж. 2 066 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 149

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 141

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930