Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мезгіл мәселесі

Мезгіл мәселесі

Жұма күні облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс барысымен Қазалы ауданында болды. Сапардың негізгі мақсаты – аудан өмірімен танысып, алдағы мезгіл мәселелеріне дайындық жұмыстарын пысықтау.
С.Жүсіпұлы алдымен ел игілігіне тұрғызылып жатқан жаңа құрылыс нысандарын аралады. Әйтеке би кентіндегі көпқабатты үйлердің жағдайын бақылап, Сырдария өзені бойында салынып жатқан Әлсейіт көпірі басына арнайы барды. Құрылысшылар мен олардың басшыларының талап-тілектерін тыңдап, маңызды нысандардың сапалы аяқталуын тапсырды. Сондай-ақ, тапсырыс алған мердігер компанияларға атқарған жұмыстары әркез мемлекет бақылауында болатындығын жеткізді.
Бұдан соң аудан әкімдігінде С.Сүлейменовтың төрағалығымен жиын өткізілді. Түрлі мекеме басшылары шақырылған басқосуда тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру жұмыстарын жалғастыру, алдағы жылу маусымына дайындық, шет аймақтардағы тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету, жол қозғалысы мен әскер қатарына шақырту кезеңіндегі түйіткілді жағдайлар талқыланды. Жиынға қатысушылар аталған жайттарға байланысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары халыққа қызмет көрсету барысында бейберекетсіздік орын алмауын басты назарда ұстауды тапсырды.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
21 тамыз 2018 ж. 1 017 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 298

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031