Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыздықты жою – жауапты іс

Жұмыссыздықты жою – жауапты іс

Жұма күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға кент, қала және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік-коммуналдық мекеме басшылары қатысып, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды заңдастыру жобасын жүзеге асыру және мамыр айындағы мерекелерді атап өту мәселелері талқыланды.
Бұдан соң аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібі бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Батырбек Тәңірберген­ов, көктемгі егіске дайындық шара­лары жайында аудандық ауыл шаруа­шылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Файзулла Бердалиев хабарлама жасады. Онда аталған салалар бойынша алдағы тұрған міндеттер ортаға салынды. Кейбір ортақ іске қолбайлау болатын жайттар да назардан тыс қалмады.
Мәжілісті қорытындылай келе аудан әкімі ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру, «Өндірістік аймақтағы» жобаларды іске асыру, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға арналған жобаларды жүзеге асыру ісін жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, алдағы үш ай уақыт ішінде Сарыбұлақ, Бозкөл сияқты бірқатар ауылдық округ әкімдері елді мекендердегі жұмыссыздық мәселесін шешіп, шілде айының біріне дейін атқарылған жұмыстар туралы толық мәліметтер беруі тиіс екендігін ескертті.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
17 сәуір 2018 ж. 1 590 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031