Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамызда «аққан» жұлдыздарды тамашалауға болады

Тамызда «аққан» жұлдыздарды тамашалауға болады

  Көбінесе бұл құбылыс 12 тамыздан 13-не қараған түнге келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі god2018.su сайтына сілтеме жасап.
  Тамыз айының алғашқы онкүндігінің соңында метеор жауынын тамашалау мүмкіндігі болады. Бұл құбылыс ең қарқынды метеор ағыны – Персеид деп аталады.
  Персеид ағыны 17 шілде мен 24 тамыз аралығында белсенді болады. Көбінесе бұл құбылыс 12 тамыздан 13-не қараған түнге келеді. Бір сағат ішінде 60-100 метеорға дейін санауға болады.
  Көздің жауын алатын керемет құбылысты қала сыртында, жасанды жарықтан аулақ жерде тамашалаған жөн. Егер жұлдыз жауған түні ай жарық болса, метеор ағынының тек ең жарықтарын ғана көруге болады.
  «Метеор жауыны» немесе метеор ағыны – құйрықты жұлдыз (комета) сынықтары. Халық аузында оларды «ақпа жұлдыздар» деп атайды. Адамдар арасында әркімнің өз жұлдызы болады, ол туған күні аспанда жұлдызы да туып, өмірден қайтқанда жұлдызы да сөніп, ағып кетеді деген түсінік бар. Ал ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, жұлдыздардың ағуы адамдардың өмірімен байланысы жоқ.

Baq.kz
02 тамыз 2018 ж. 1 652 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930