Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдық қалыптасуы» атты бірыңғай оқу сағаты өтті. Оған колледж оқытушылары мен шәкірттері қатысып, қазіргі қоғамда белең алған сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу мәселелеріне мән берілді.
Басқосуда сондай-ақ, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздік алған күннен бастап халық пен мемлекетке қызмет етуді бәрінен биік қоятын, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға баса назар аударып отырғандығы сөз болды. Бұл саланы жаңғырту – «Қазақстан – 2050» Стратегиясының маңызды басымдықтарын іске асыру арқылы әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруге бағытталғаны айтылды. Осыған сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесінде реформа жүргізіліп, Президенттің «Мемлекеттік қызмет туралы» Жарлығына қол қойылған. Құнды құжатта мемлекеттік қызметтің қағидаттары, лауазымдар иерархиясы, қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері белгіленді. Құқықтық мәртебесі анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен жиында халыққа адал қызмет көрсету мен мемлекеттік қызметті абыроймен атқару дәріптелді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 мамыр 2018 ж. 3 659 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930