Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың ұсыныстары жан-жақты зерделенеді

Тұрғындардың ұсыныстары жан-жақты зерделенеді

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде халықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген 60-тан астам азамат ұсыныс-тілектерін білдірді.
Аймақ басшысы қазалылықтар көтерген мәселелерге қатысты жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Барлық мәселе жан-жақты зерттеліп, заң аясында шешім шығарылады.
Тұрғындар негізінен электр желілерін қайта жаңғырту, жол салу, жылу жүйесін кеңейту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, асфальт төсеуге қатысты сауалдарын қойды.
Атап айтсақ, Өркендеу ауылының тұрғыны Өркендеу, Бірлік, Қожабақы және Аранды ауылдарын газдандыру жайын сұрады. Қазір Қазалы ауданының оңтүстік бөлігіндегі газдандыруды қажет ететін 9 елді мекенде 6 849 адам тұрады, 1 319 тұрғын үй, 45 әлеуметтік нысан мен 323 кәсіпкерлік субъектісі бар.
«Қызылорда облысы Қазалы ауданының Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды елді мекендеріне жеткізуші газ құбырын салу» жобасы әзірленген. Жобаны жүзеге асыруға 4 млрд 558,155 млн теңге жоспарланған, алдағы 2027 жылға 1 млрд 769,652 млн теңге көлемінде қаржы бөлу мақұлданды. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен ауылдарға жеткізуші газ құбыры тартылып, одан кейін ішкі газ желілері салынады.
Әйтеке би кентінің тұрғыны жаңадан Оқушылар үйін салу мәселесін қозғады. Оқушылар үйін кент орталығындағы №249 мектептің бос жатқан жер учаскесіне салу жоспарлануда. Бұл құрылыс облыс бойынша жоба- сметалық құжаттамаларды әзірлеудің тиімділігін қарау жөніндегі кеңесте қолдау тапты. Жоба-сметалық құжаттама демеушілік қаражат есебінен әзірленіп, оң сараптама қорытындысы алынған.
13 қараша 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30