Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойыз билетінің тапшылығы: Меморгандар үшін күнделікті 1,5 мың билет брондалады

Пойыз билетінің тапшылығы: Меморгандар үшін күнделікті 1,5 мың билет брондалады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Данияр Нұрмағамбетов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен кеңесте билет тапшылығын шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Компания өкілі күн сайын 1 500 - 1 700 билет күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар үшін брондалатынын айтты.
«Бос билеттер күтпеген жерден қайдан пайда болады деген сұрақтар бар. Күн сайын ҚР аумағындардағы барлық пойыздарда 1 500-1 700 билет күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар үшін брондалады. Олар пойыздың жүруіне екі сағат қалғанда босатылады. Көп жағдайда бұл билеттердің 80 проценті қолданылмайды. Сондықтан, брондалған билеттер санын қысқарту билет тапшылығы мәселесін шешуге едәуір көмектесер еді», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Данияр Нұрмағамбетов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен кеңесте.
Оның айтуынша, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне бірнеше рет жүгінген. Әзірге, бұл туралы арнайы шешім шықпағандықтан, брондалған билеттер саны өзгеріссіз қалуда.
Сонымен бірге, Данияр Нұрмағанбетов билет алыпсатарларына тосқауыл қою үшін атқарылған шараларды еске салды.
«Билеттерді қайтару тарифін 1 000 теңге етіп бекіттік. Әрине, халық тарапынан наразылықтар болды. Бірақ, өкінішке орай, бізде басқа амал жоқ. Екіншіден, егер адам билетті кері қайтаруды ұйғарса, жеке өзінің немесе сенімхат арқылы өткізуін міндеттедік. Бұған дейін алыпсатарлар жеке куәлік көшірмесі арқылы билеттерді оңай алмастыратын. Аталған екі шараны енгізу арқылы билетті кері қайтару көрсеткіші 25 процентке дейін азайды», - дейді Данияр Нұрмағанбетов.
24 шілде 2018 ж. 1 265 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 105

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930