Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі туралы

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Кодекс азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған қағидаттарды енгізетінін атап өткен жөн. Осылайша, заңнаманың барлық түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешілетін болады.
«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс азаматтардың нақты құқықтарын қорғау мәселесін реттейді. Заңда көрсетілгендей, сот алдағы уақытта әкімшілік процеске қатысушылардың түсініктемелерімен, арыздарымен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектеліп қалмайды. Атап айтқанда, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайды жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге құқылы.
Бұл заң аясында судьяға жаңа өкілеттіктер мен құқықтар беріліп отыр. Яғни, судья әкімшілік істің нақты және заңды тұстарына жататын құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы. Бұрынғы заң бойынша судьяға ондай құқық берілмейтін. Судья іске байланысты өз пікірін айтуға тиіс емес болатын.
 Кодекске сәйкес судьялар өте маңызды рөл атқарады. Себебі мемлекеттік органдардың шешімдерінің Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкестігін дәл соттар тексереді. Жеке әкімшілік соттар құрылды. Бұл соттар азаматтар мен мемлекеттік органдардың, басқа ұйымдардың арасындағы дауларды қарайды. Ендігі кезекте сот бақылауы мемлекеттік органдардың шешіміне байланысты болмақ. Тағы бір жаңалық. Сот өз бастамасы немесе әкімшілік процеске қатысушылардың уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинай алады. Сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу міндеттерін шешуге бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.
Заңда «Татуластыру рәсімдері» кеңінен қолданылады. Егер тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолмен шешуге тоқтаса, онда келісім жазбаша түрде жасалады. Оған екі жақ немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады, дауды процесс барысында реттеуге көмектеседі.
Татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім бойынша келісім не оның шарттары заңға қайшы келген жағдайда, сот оны бекітпей тастайды. Сондай-ақ, адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын келісімдерге де жол берілмейді.
Дауласушы тараптар өзара татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсімге келісім бермесе немесе сот келісімнің шарттарын бекітпесе, әкімшілік істі талқылау жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Жаңа кодекс күшіне енгеннен бастап әкімшілік рәсімдер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы заңдардың күші жойылды
Әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу 12 қағидаттар негізінде жүзеге асырылады. Осы қағидаттар ішіндегі ерекшесі соттың белсенді рөлі қағидаты.
Сонымен қатар бұл Кодексте «Татуластыру рәсімдерін» кеңінен қолданылуы қарастырылған. Егер тараптар дауды татуласу, медиация не партисипативтік жолмен шешуге тоқтаса, онда келісім жазбаша түрде жасалады. Оған екі жақ немесе олардың өкілдері қол қояды. Судья тараптардың татуласуы үшін қажетті шаралар қабылдай алады, дауды процесс барысында реттеуге көмектеседі.
Кодексте ескерту, сот отырысы залынан шығарып жіберу және ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары көзделген. Ақшалай өндіріп алу жеке тұлғаға, лауазымды адамға, заңды тұлғаға не оның өкіліне 10 айлық есептік көрсеткіштен бастап 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қолданылады. Ақшалай өндіріп алу сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын, процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда және әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмеген, сотқа уақтылы хабарламаған жағдайда қолданылады.
Жаңа Кодекс мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процесінде және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға септігін тигізетіні сөзсіз.
А.Аймаханова,
Қазалы аудандық сотының бас маман сот-отырысының хатшысы
25 қыркүйек 2024 ж. 368 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 54

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031