Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Dizzy энергетикалық сусындарынан ДНҚ-ға қауіпті қоспа табылды

Dizzy энергетикалық сусындарынан ДНҚ-ға қауіпті қоспа табылды

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілдері Dizzy энергетикалық газдалған сусындарынан натрий бензоатын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысындағы сауда объектілерін тексеру шеңберінде тағам өнімдерін ұзақ уақыт сақтауға арналған консервант ретінде қолданылатын натрий бензоатының (E211) тағамдық қоспасының құрамы жоғары "Дал" ЖШҚ ресейлік өндірушінің алкогольсіз энергетикалық сусындары анықталды.
Осылайша, Комитеттің сараптама орталықтары жүргізген зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша натрий бензоаты құрамының артуы мынадай алкогольсіз сергіткіш энергетикалық газдалған сусындарда анықталды: "Dizzy original" - 189,4 мг/л.
"Өнімнің жоғарыда аталған партиясы сауда объектілерінен сатылымнан алып тасталды, өнім берушіге сауда объектілерінен тауарларды алып тастау бойынша әкімшілік әрекет шаралар қабылданды. Сондай-ақ, Комитет Ресей Федерациясының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адами әл-ауқат қорғауды қадағалау жөніндегі федералдық қызметіне (Ресейтұтынушылықтықадағалау) осы өндірушілердің өнімдерін күшейтілген зертханалық бақылауға алу туралы хабарлама жіберді. Адамдар үшін негізгі қауіп - ДНҚ бөліктеріне зиянын тигізе алатын E211 (натрий бензоаты) тағамдық қоспасы. Бұл құрамында E211бар сусындарды пайдалана отырып, Сіз болашақ ұрпаққа зиян келтіресіз дегенді білдіреді",- деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, жүктілік кезінде натрий бензоаты бар тағам өнімдері мен сусындарын қолдануға болмайтыны айтылады.
"Натрий бензоаты иммундық жүйеге бөгде заттың әсерінен аллергиялық әсер тудыруы мүмкін. Кейбір адамдарда жеңіл белгілері пайда болуы мүмкін, олар мыналарды қамтиды: шоғырланған қышыну, жөтел, қызару, бөртпе, ісіну. Сондай-ақ, натрий бензоаты организмде, әсіресе жасөспірімдердің организмінде өздігінен жиналуы мүмкін", - дейді ведомство өкілдері.

19 шілде 2018 ж. 1 261 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930