Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қызылордалық 230 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қызылордалық 230 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңыда Қызылорда қаласындағы Демесінов көшесінен 15,6 мың шаршы метрді құрайтын 230 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-ның қаржыландыруымен, жалпы құны 2 млрд. 637,1 млн. теңге болатын бұл тұрғын үйдің құрылысын мердігер мекеме «Бақ – Береке 2030» ЖШС-і жүргізген.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоныс тойын тойлағалы тұрған жаңа пәтер иелерін облыс әкімі Қ. Көшербаев, қала әкімі Н. Нәлібаев және «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның маркетинг жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Т. Қалдыбаев құттықтап, тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
Жалпы биылғы Қызылорда қаласында 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 957 пәтерлік 24 көпқабатты тұрғын үй, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 мың 14 пәтерлі 37 көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 744 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 52

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031