Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарбыздың қанша тілімі денсаулыққа қауіпсіз

Қарбыздың қанша тілімі денсаулыққа қауіпсіз

Қарбыздың қанша тілімін жеген жөн және ондағы нитраттарды қалай анықтауға болады? Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірдің бас санитарлық дәрігері жеміс-көкөніс өнімдерін бақылаудың маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. Әсіресе базарларда бақша өнімдері сатыла бастаған кезді назардан тыс қалдырмаған жөн. Әдетте олар шілденің соңы мен тамыздың басында піседі. Алайда қазірдің өзінде барлық базарлар мен сауда орындары қарбыз бен қауынға толып тұр. Әсіресе, жаңа піскен қиярлар, қызанақтар, асқа пайдаланылатын шөптер пайда болды. Олардың барлығында азот қышқылының нитраттары болуы мүмкін. Өндірушілер азотты тыңайтқыштарды жемістердің жылдам өсуі үшін көп мөлшерде пайдалануы ықтимал. Облысқа өсімдік өнімдерінің жеткізілуіне бақылауды «Фитосанитария» зертханасы жүргізеді. Олар қаланың ірі сауда базарларында орналасқан. Бірінші жартыжылдықта зертхана 1,4 мың талдау жасаған, ал біздің сараптама орталық 800 мың талдау жүргізді. Дегенмен, бас санитарлық дәрігер қарбыздағы аз ғана нитраттың өзі адам денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. «Бақша дақылдарының зертханалық тұрғыдан белгілі бір нормативтері болады. Міндетті түрде құрамында аздаған нитраттар кездеседі. 2-3 адамнан тұратын отбасылар үшін 8 келілік қарбыз - тым көп болады. Егер бір мезетте жеп тастайтын болса, ағзадағы нитраттар мөлшерінің жоғарылауына алып келеді. Әр нәрседе шектеу болуы керек. Жалпы, қарбыздың екі тілімін ғана жеген абзал», - деді С. Қасмақасов. Нитраттарды көкөністерді суға салу арқылы жоюға болады. Олардың мөлшері ыстық сумен өңдеу кезінде азаяды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, таза көкөністердің өзінде жағымсыз иіс болуы мүмкін. Жалпы, химикаттардың қолдануынсыз саяжайларда өсірілген жергілікті өнімдерді тұтынған абзал. С. Қасмақасов Петропавлдағы жабайы сауданы ретке келтіру керек деп санайды. Дәл қазір саудагерлер өнімдерін жолдың бойына шейін апарып сатуда. «Бізде базарлар мен бос тұрған жерлер бар. Оларды саяжай иелеріне өнімдерін шығара алу үшін беру керек. Адамдардың басым бөлігі табиғи жолмен саяжайда өсірілген өнімдерді сатып алады. Ол жерлерде зертхана да ашып қоюға болады. Жергілікті атқарушы билік осы істі қолға алуы керек. Табиғи саудадан құтыла алмаймыз, сондықтан бір ретке келтірген жөн», - деді бас санитарлық дәрігер.
inform.kz
18 шілде 2018 ж. 1 261 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930