Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорданың қарбызы Ресейге экспортталатын болды

Қызылорданың қарбызы Ресейге экспортталатын болды

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Жайылма елді мекенінде 500 гектар жерге бақша өнімдерін отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған аймақта қазір 10 мың тоннадан астам өнім жинау көзделіп отыр. Онын тең жартысы шетелге экспортталса, қалғаны солтүстік облыстарға жөнелтілетін болады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласына да тасымалданып, шаһар орталығынан арнайы сауда нүктелерін ашу қолға алынды.
Жалпы, Жайылма елді мекені жарнаманы қажет етпейтін ауыл. Мұндағы жұрт ертеден қарбыз егу шаруашылығымен айналысады. Сәйкесінше дәмі тіл үйірер өнім - ауылдың брендіне айналған десек болады. Таң атқаннан кеш батқанға дейін егіс алқабында тер төгіп, Жер Анадан ырзық несібесін алатын шаруалардың бүгінде көңілдері көтеріңкі. Биылдан бастап ала жаздай төккен тер еш кетпей, піскен өнім көрші Ресей еліне экспортталатын болды.
Шаруалар биыл ауа-райының қолайсыздығы қарбыздың ерте пісуіне кедергі келтіргенін айтады. Соған қарамастан шығым өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып тұр.
«Соңғы 5-6 жылдан бері осы қарбыз егумен айналысып келе жатырмыз. Отбасымызбен ала жаздай егіс алқабында тер төгеміз. Еңбегіміз еш кетіп жатқан жоқ. Жаз биыл жылдағыдан салқындау болды. Бірақ, нәтиже көңілден шығып тұр. Қарбыз егудің биыл өзгеше технологиясын пайдаландық. Сынама ретінде, 1 гектар жерге көшеттеп отырғызып көрген едік. Мақсатымызға жеттік», - дейді шаруа Самат Оспанов.
Жайылма қарбызы - таза табиғи өнім болып саналады. Яғни, оны өсіруде арнайы химиялық дәрі -дәрмектер пайдаланылмайды. Соның арқасында, мұнда піскен қарбыздың дәмі де тіл үйіреді. Шырынды дақылды күтіп - баптаудың өзіндік ерекшеліктерін жергілікті тұрғындар өте жақсы меңгерген. Ауылдағы бақша егістіктері Қаратау етегінде орналасқан «Жиделі» су қоймасы арқылы суарылады.
Диқандардың мол өнім жинап, жоғарғы көрсеткішке ие болуларына мемлекеттік бағдарламалардың қосып отырған үлесі зор. Мәселен, биыл 11 шаруа облыстық ауыл шаруашылық қолдау қоры арқылы «Егінжай» бағдарламасы аясында несиеге қол жеткізген. Нәтижесінде егістікке қажетті техникаларын жаңартып, қосымша шығындарына жұмсаған.
«Жайылма елді мекенінің шаруаларына мемлекеттік тарапынан қолдау қажет. Ауыл шаруашылығының дамыту арқылы ғана ауылды гүлдендіруге болатынын түсінеміз. Осы ретте, өнімнің экспортқа шығарылуы диқандарға көп септігін тигізгелі отыр. Жергілікті қарбыздың бағасы қалтаға қонымды, сапасы да өзге өңірлерден тасымалданып жатқан дақылдарға қарағанда жақсырақ. Солтүстік аудандардан сұраныс өте жоғары. Ресейдің Челябинск қаласына тасымалданатын болады. Облыс орталығында тек Жайылма қарбыздарын сататын нүктелер ашылмақ», - деді Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев.
Жасыратыны жоқ, осы уақытқа дейін Жайылма тұрғындары піскен өнімді қайда өткізетіндерін білмей, қиналатын. Тіпті, бақша дақылдарының бұзылып, шаруаларды мол шығынғы ұшыратқан жағдайлар да кездесті. Бұл өзекті мәселенің биыл шешімін тапқанына диқандар дән риза.
10 шілде 2018 ж. 1 416 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930