Мереке қарсаңындағы қуаныш

Күллі қазақ көз жауһарына айналған Астананың 20 жылдығын тойлап, шат-шадыман күйге кенеліп жатқанда, шілденің 6-сы күні Қазалы ауданында 1 ұл және 1 қыз бала дүние есігін ашты.
Осыған орай, мереке қарсаңында аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміне аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов бастаған ел ағалары арнайы ат басын бұрды.
«Қуаныш бөліссең көбейеді» деген тәмсілді ұстанған аудан басшылары осындай ерекше күнде өмірге перзент әкелген Бекарыстан би ауылының тұрғыны Айжан Қожақова мен Әйтеке би кентінің тұрғыны Гүлмира Серікті мерейлі мерекемен құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.
Мұнымен қоса, аудан әкімі М.Нәлхожаұлы қос мерекеге кенелген аналарға гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табыстады. Ал, өз кезегінде жас аналар аудан басшыларына ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, Сыр халқының демографиясына ерекше үлес қосып келе жатқан Қазалы ауданында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 838 бала өмірге келген.
Есет ТАБЫНБАЕВ