Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кездесейік, әлі де жүздесейік...

Кездесейік, әлі де жүздесейік...

Жанқожа батыр атындағы №70 мектепте Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектеп түлектерінің 50 жылдық кездесу кеші өтті. Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Асыл-Ғани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Өмірзақ Түктібаев ұйтқы болып, 1968 жылы түлеп ұшқан 4 кластың басы қосылды. 100-ден аса адам жиналған кездесуде сыныптастарға арналған өмірбаяндық-танымдық жинағы таныстырылды. «Кездесейік, әлі де жүздесейік...» атты кітапта түлектердің бүгінге дейінгі жеткен жетістіктері баяндалған. Оның шығарылуына ардагер ұстаз Қадірбек Бекетов атсалысты.
Салтанатты жиында байырғы ұстаздар: Р.Көпешова, Ү.Ықласова, Ұ.Иппатурова, Ә.Сексенбаева, С.Уталиева, Ә.Алғашбаев, Б.Ербасовқа құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар жасалды. Сонымен қатар, экономика ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысының Т.Рысқұлов атындағы ауданының Құрметті азаматы А.Жайлыбаев түлектер атынан мектепке естелікке смарт телевизор сыйлады.
Сондай-ақ, 50 жылдық кездесудің ұйымдастыру коммиссиясының төрағасы Ө.Түктібаев 7 мектеп оқушысына лагерьге жолдама табыстады. Сонымен бірге құрбы-құрдастарын қуанышты мерейтоймен құттықтады.
– Өмірдің негізі ұшқан ұяда қаланатынын ескерсек, ұстаздардың бағыт-бағдары, білімнің негізін қалауы бізге өмірлік азық болғаны сөзсіз. Оның үстіне мектептегі достардың орны ерекше, достықты есеппен бағалаған жоқпыз. Сондықтан, өзімізді түгендеп, өткенге есеп беріп, марқұм болған сыныптастарымызды еске алуды азаматтық парыз санадық, – деді Өмірзақ Түктібаев.
Басқосуда түлектер мектеп ұжымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады. Бұдан соң Қазалының көрікті жерлерін аралап естелік-суретке түсті. «Жанқожа батыр» мешітінде бақилық болған мұғалімдер мен сыныптастарға ас берілді. Мешіт есебіндегі 7 отбасына азық-түлік таратылды.
«Наурыз» мейрамханасында жалғасқан шарада әр класс тосын сый ұйымдастырып, 10 бағам бойынша тартысқа түсті. Қамбаш көліне саяхат жасады. Бір-бірімен қимастықпен қоштасып, естелікке кітап пен сурет салынған альбом және бейне жазбасы бар диск алып қайтты.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
02 шілде 2018 ж. 2 367 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930