Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-дан 140 балл алды

ҰБТ-дан 140 балл алды

Алматылық түлек Шиара Құдайбергенова ҰБТ-дан 140 балл алды.

Бұл мәліметті білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов растады.

"Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы - Алматы қаласы 123 мектеп-гимназиясының түлегі көп күткен ең жоғары 140 балл алды", - деді Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне.

Оның айтуынша, Шиара Құдайбергенова 25 маусымда тест тапсырған.

"Шиараны тамаша нәтижесімен құттықтаймын. Жарайсың. Кез келген ісінде жақсы маман болсын деп тілеймін. Оның мұғалімдері мен ата-анасына алғыс айтамын", - деді вице-министр.

Шиара Құдайбергенова Алматыдағы Қожа-Ахмет-Яссауи атындағы 123 мектеп-гимназиясында оқып бітірді.

Шиара 2017 жылы "Инабат" сұлулар сайысында жеңімпаз атанған. Бұл сайыста Әуезов ауданының бес үздік мектебінен арулар қатысқан.

Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.
27 маусым 2018 ж. 2 433 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031