Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды

«Атамекен» ҰКП-ның V Съезінде Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Өңірлік кеңес мүшесі Жанна Аманованы ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапаттады.
Жанна Аманова 2016 жылдан бастап Қызылорда облысындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметін абыройлы атқарып келеді.
Бүгінгі күнге дейін Кеңес төрайымы Алматы Менеджмент Университетімен әріптестік негізде бірге жұмыс жасап, нәтижесінде Университеттің білікті мамандары Қызылордада тегін оқыту курстарын өткізіп келеді. Мұнан өзге, облыста жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматшаларға арнап «Қыз-келіншектер бизнесі», «Тренерлер мектебі», «Әйелдер онлайн бизнесте» жобаларын енгізді. Аталмыш жобаларға бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық қыз-келіншектер қатысып, тегін білім алды. Білімді теориялық тұрғыдан алып қана қоймай, практикалық тұрғыдан да толықтырып, жұмыс жасап тұрған нысандардың жұмысымен танысты, біліктілігін жетілдірді.
Қазіргі таңда Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері аудандарды аралап, «SMM-маман» курсында оқыту үшін ауылдағы қыз-келіншектермен кездесіп, іріктеу кезеңін өткізуде. Курс нәтижесімен үздік оқыған азаматшаны жұмыспен де қамтымақ.
«Атамекен» ҰКП саласына 2014 жылы бизнес-тренер ретінде келген болатынмын. Кәсіпкерлер палатасының жұмысы көңілімнен шықты. Өзіме кәсіпкер боламын деген азаматтарға бағыт-бағдар бергені, оқытатыны ұнады. Сондықтан да Іскер әйелдер кеңесін басқаруды тапсырғанда қуана-қуана келістім. Қазір кәсіпкер болуға ниетті қыз-келіншектерге жол сілтеп, кәсібін ашуға көмек көрсетіп жатырмыз. Ұлттық палатаның осы жылғы Съезінің ерекшелігі - республикалық Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасады. Нәтижесінде Халық банк осы жылдың өзіне қыз-келіншектер кәсіпкерлігін қаржыландыруға 1 млрд.теңге бөліп отыр. Бұл қаржы жеңілдетілген 5 пайыздық несиемен беріледі. Бұл дегеніміз кәсіпке бет бұрғысы келген барлық қыз-келіншектерге көрсетілген айрықша қолдау деп білемін», - дейді Жанна Аманова.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Съез жұмысы біте салысымен қызылордалық қыз-келіншектермен кездесіп, республикалық Съезде қабылданған игі жаңалықтармен бөлісуде, қыз-келіншектерді кәсіппен айналысуға шақыруда.
25 маусым 2018 ж. 1 308 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930