Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық бірыңғай тесттегі өзгерістер талқыланды

Ұлттық бірыңғай тесттегі өзгерістер талқыланды

Мектеп бітіруші түлектерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу жыл өткен сайын, заманның даму ырғағына сәйкес жетілдіріліп келе жатқаны белгілі. Талапкерлерге арналған сынаққа биыл да өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты бүгін Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов Қазалы ауданына барып, мектеп бітіруші түлектермен кездесті.
Кездесуде алдымен аймақтың бас ұстазы Асқарбек Темірбекұлы сөз алып, өңірдегі мектеп бітіруші түлектердің тестілеудегі нәтижесі, бірқатар проблемалық жайттар турасында сөз тарқатты. Бұдан әрі ҰБТ-ті жетілдіру бағытында атқарылған ауқымды жаңалықтар жайы айтылды.
— ҰБТ-тің негізгі форматында өзгеріс жоқ. Пәндер саны мен сынақ уақыты да бұрынғы қалпында қалады. Ішінара өзгеріске тоқталсақ, оқу, математика сауаттылық пәндері биыл 10 сұраққа қысқарып, 5 сұрағы бейінді пәндерге берілді. Себебі алғашқы аталған пәндер өте оңай, солай бола тұра түлектердің сөзінше көп уақыт алады. Осыны ескеріп, сұрақ санын азайтып, сапасын арттыруға жұмыс жасадық. Ал бейінді пәннің сұрағының ұлғаюы ЖОО-на түскен түлек үшін ұтымды болатынын баса айтқым келеді.
— Бұдан бөлек, тестілеуге өзімізбен бірге не алып кіруге болады деген сауал көп қойылады. Талапкер ең алдымен жеке куәлігін немесе директордың растайтын анықтамасымен қосып, туу туралы куәлігін көрсетуге міндетті. Сонымен бірге, сынақ 4 сағатқа созылатындықтан аудиторияға су мен шоколад алып кіруге рұқсат алдық. Ал тест орталығына келген оқушыны тексеру кезінде телефон немесе басқа да тыйым салынған заттар анықталса, тестілеуге кіргізілмейтінін қайта еске салғым келеді, – деді Руслан Тохтарбекұлы.
Тест орталығының басшысы балаға жоғары ұпай жинап беру мақсатында орталыққа жасалатын хакерлік шабуыл, былтырғы 153 оқушының нәтижелерінің жойылуы себебі, мемлекеттік грантқа құжат тапсыру, квота, мамандық таңдау, ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың қатысу мен апелляциялық шағым жайында кеңінен тарқатып өтті.

— Тағы бір жайтқа тоқтала кетейін, осындай кездесуде ағылшын тілін таңдаған талапкер: «Шетелдегі ескерткіштер, қасиетті жерлер туралы сұрақтардың қандай қажеттілігі бар, одан біздің тілді қаншалықты меңгергеніміз маңызды емес пе?» – деген сауал жолдады. Кейін мамандармен ақылдаса отырып, «Елтану» бөлімін түгелімен ҰБТ-ден алып тастадық. Сондықтан өздеріңізді мазалаған сұрақтарды ашық айта берсеңіздер мархабат, – деді Р. Емелбаев.
Жиын соңында оқушылар тарапынан салалар бойынша биыл бөлінетін грант саны, ILTS-тің нәтижесі грантқа түсуге қаншалықты көмек болатынын, тестке дайындық оқулықтарының ұтымдылығы, «ыңғайлы» калькульятор енгізу жайында сұрақ, ұсыныстарын жеткізіп, толыққанды жауап алды.
Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы орталық директорының түлектерге айтқан кеңесін тарқатып, тестке дайындық барысында ата-ана, ұстаздар ескеруі тиіс түйіткілдерге жеке тоқталды. Түлектерге жергілікті жердегі жоғары оқу орындарына құжат таспыруға кеңес берді.
Кездесуден кейін орталық директоры мен басқарма басшысы тест орталығының жұмысымен танысты. Атап айтсақ, Face-control, медицина, психолог бөлмелерін көріп, бақылау камерасы мен компьютерлердің тестке дайындығына куә болды.
#Қазалыақпарат
#Қазалыбілім

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

02 ақпан 2024 ж. 280 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930