Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Руслан Емелбаевтың сөзінше, түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған.
“Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). "Оқу сауаттылығы" тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі”, – деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Сонымен қатар тапсырмалардың құрылымы, соның ішінде жауап нұсқаларының санына өзгеріс енгізіледі.
“Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады”, – деп қосты Емелбаев.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының сөзінше, бұл шешім талапкерлерді бағалаудың жоғары объективтілігін қамтамасыз етіп, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
08 қыркүйек 2022 ж. 923 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 112

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 103

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930