Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз – адамның айнасы

Көз – адамның айнасы

Әлемде әр минут сайын бір адам көз жанарынан айырылады екен. Мұның бәрі көз күтімімен айналыспау, көз ауруына салғырт қараудан туындайды. Сондықтан оның алдын алу мақсатында сақтану жолдарын жасаған жөн дейді мамандар.
Бүгінде көз жанарына қатысты сырқаттың бірнеше түрі кездеседі. Соның ішінде, ересектер арасында кеңінен таралған көз ауруы ол – катаракта, қазақшалағанда көзге ақ түсу деп аталады. Катаракта кезінде сәуленің көз бұршағына өтуі қиындап, көздің көру қабілеті төмендейді. Катаракта әртүрлі жағдайларға: қарттық, жарақаттану, түрлі аурудың асқынуы салдарынан, тағы басқа әсерге байланысты пайда болады. Аурудың туа және жүре пайда болатын жайттары бар.
Қант диабеті, экзема, зат алмасудың бұзылуы, ұзаққа созылған көз аурулары көздің жарақаттануы жүре пайда болған катарактаға әкеледі. Ыстық температурада (балқыту пешінің жанында) ұзақ уақыт жұмыс істеу немесе көзге тиісті қорғаныш көзілдірік кимей иондандырғыш сәуленің әсерімен жұмыс істеу – катарактаның асқынуына себепші болады. Катарактаның бұл түрінің клиникалық белгісі: сырқат адамның көзінің алдында бір нәрсе тұрғандай әсер тудырады. Іштен туа біткен катаракта құрсақтағы ұрықтың дамуы кезінде дамиды. Бұған жүкті әйелдің жұқпалы аурулармен тұмау, қызамық, тағы басқа ауруы себепші бола алады. Бұл ауруды уақытылы емдемеген жағдайда ол ауру соқырлыққа алып келеді. Катаракта ауруының емі – ота жасау.
Сонымен бірге адам бойында қабыну – белгілі бір аллергендердің ықпалына ағза реакциясының өзгерген аса сезімталдығы туындауы ғажап емес. Бұл біздің иммундық жүйеміздің толығымен зиянсыз заттардан өте қатты тітіркенетінін және ағзаға зиян келмейтін аллергендерден шамадан тыс қорғана бастайтынын білдіреді. Қабыну реакциясы көздің қышуы мен қызаруы және ісініп кетуі, сондай-ақ көз айналасының қышуы, жанарда «құмның» тұрғанын сезіну, жиі жас ағу мен жарықтан тітіркену сынды белгілермен анықталады. Сонымен бірге қастың қызаруы және ісінуі де қабынуды білдіреді.
Жалпы аллерген ретінде бәрі әсер етуі мүмкін. Күн, мысық, өсімдіктердің тозаңдануы, сүйікті тағамның, үйдің шаңдауы, салқын, косметика, дәрі-дәрмек. Бұл тізімді аяғына дейін соза беруге болады. Аллергияның дамуы тәуекелдігінің маңызды факторы тұқым қуалаушылық. Егер ата-ананың біреуі аллергиямен ауыратын болса, онда бала аллергиясының даму сенімділігі 30-40% дейін жетеді. Егер ата-ананың екеуі де осы сырқатпен ауырса, тәуекелдік 70-75% құрайды.
Аллергия кезінде жіберілетін басты қателік – өз бетінше ем жасау (кез келген тамшыны пайдалану, үй жағдайында шөп қайнатып емделу). Аллергия байқалған кезде бірден дәрігер көмегіне жүгініп, қабынудың неден шыққанын анықтау қажет. Кейін тиісті емін алып, дәрігер кеңесі бойынша дәрі-дәрмек қабылдауы қажет.
– Тағы бір дерт – миопия немесе басқаша атауы алыстан көрмеушілік, сығырлық. Миопия кезінде адамның көз алдындағы бейне көздегі көз торында емес, оның алдында көрінеді. Сондықтан көз торы алдындағы бейне адамға бұлдырап көрінеді. Миопия – көз рефракциясы, көздің сәулені сындыру күші, клиникада көз көру фокусы, тор қабық алдына орналасады.
Миопиялық ауру – алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі, шыны тәрізді дене мен көз түбінің өзгеруімен қайталанбайтындығымен ұштасады. Миопия жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Оның пайда болу себептері: кемістік бөлмеде жарықтың жеткіліксіздігінен, затқа көзді тым тақап жұмыс істеуден, оқу, жазу, кейбір қолөнері кәсібімен шұғылдану және тағы басқалары. Алыстан көрмеушілік әдетте балалардың мектепте оқып жүрген кезінде басталып, кейіннен өрши түсуі мүмкін. Мұндайда көз тез талады. Ұзақ уақыт сабаққа дайындалғаннан кейін көзінің түбі сыздап ауырады. Көзі бұлдырайды. Затты айқын көру үшін оны амалсыз көзіне тақауға мәжбүр болады.
Адамның алыстан көрмеуі, көздің бұлдырауы, көздің алыстағы тұрған заттан жақын тұрған затқа қарауда немесе керісінше қарауда ауыртпалығы, заттардың екі еселенуі, алыстағы заттар түсініксіз көрінуі, алыстағы заттарды көруі үшін адамның көзді сығырайтуы миопияны білдіреді.
Мұндай жағдайлардың алдын алуда Қазалы теміржол ауруханасы жан-жақты жағдай жасауда. Жақында соңғы үлгідегі заманауи құрылғымен жабдықталды. Жаңа аппарат оптикалық когерентті томография – көз түбі потологияларын анықтауда офтальмологияда қолданылатын ең тиімді зерттеу әдісі.
– Глаукома, көз нервісінің патологиясы, торлы қабықтың ауруларын, макулярлы дегенерация және диабеттік, посттромботикалық ретинопатия ауруларын диагностикалауда тиімді қолданылады. ОКТ жоғары дәлдік нәтиже береді. Бұл көз ауруларын анықтаудағы қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді. Аталған жабдықка тексерілу үшін теміржол емханасының офтальмолог кабинетінде келіп тіркелсе болады, – дейді Қазалы теміржол ауруханасының офтальмолог дәрігері Берік Жадырасын.
Жасқа байланысты макулярлы дегенерация – көздің артқы сегментінің созылмалы үдемелі ауруы, торлы қабықтың және хореоидтың орталық аймағында дегенеративті процестермен сипатталады. Жасқа байланысты макулярлы дегенерация ең көп таралған көз ауруларының бірі. Бұл 50 жастан асқан адамдарда қайтымсыз көру қабілетінің жоғалуының негізгі себептері саналады дегенді алға тартады көз дәрігері. Сондықтан аталған дерттерді дер кезінде анықтау үшін жаңа жабдыққа қол жеткізді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
30 қаңтар 2024 ж. 295 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 75

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930