Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жауынгері Мәметов Силанның сүйегі туған жеріне жеткізілді

Қазақ жауынгері Мәметов Силанның сүйегі туған жеріне жеткізілді

2024 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда қаласына «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі 1912 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген қазақ жауынгері Мәметов Силанның сүйегін ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскери-көлік ұшағымен туған жеріне жеткізді. Майдангердің мәйітін 2023 жылдың мамыр айында Ресейдің «Эхо войны» іздестіру тобы қазба жұмыстары кезінде тапқан болатын. Белгісіз солдаттың кім екені мойнындағы медальонында жазылған мәліметтер бойынша анықталды.
Силан Мәметов 144-ші атқыштар дивизиясының 785-ші атқыштар полкінің сапында соғысқан. 1941 жылы 7 қарашада Мәскеу түбіндегі Апалщино селосы үшін шайқаста қаза тапқан екен. Сүйегі Мәскеу облысы Руза ауданы Ново-Горбово селосындағы бауырластар зиратынан 300 метр қашықтықта табылған. Силан соғысқа дейін Қызылорда облысында тұрған, үйленген. Өкінішке орай, тікелей ұрпағы мен туыстары табылмады.

Дегенмен, елі үшін жанын қиған атамыздың сүйегін туған жері Қазалы ауданының әкімдігі барлық жөн-жоралғысымен жерледі.
Сондай-ақ, шара барысында «Атамның аманаты» ҚБ облыстық өлкетану музейіне С.Мәметовтың жеке заттары – солдат каскасы мен медальонын да табыс етті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
16 қаңтар 2024 ж. 139 1

Joleen от 28 сәуір 2024 19:03
Hi Looking to improve your posture and live a healthier life? Our Medico Postura™ Body Posture Corrector is here to help! Experience instant posture improvement with Medico Postura™. This easy-to-use device can be worn anywhere, anytime – at home, work, or even while you sleep. Made from lightweight, breathable fabric, it ensures comfort all day long. Grab it today at a fantastic 60% OFF: https://medicopostura.com Plus, enjoy FREE shipping for today only! Don't miss out on this amazing deal. Get yours now and start transforming your posture! Thank You, Joleen

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 97

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031