Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілмек

Елімізде онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілмек

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкіметтің YouTube арнасына берген сұхбатында онлайн ақша аударымдары неліктен тексерілетінін түсіндірді, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерұлан Жамаубаев "Кәсіпкерлер кірісін жасыру үшін көлеңкелі бизнеске бара ма? Тексеру экономиканың ашықтығына қалай әсер етеді?" деген сұрақтарға жауап берді.

"Бұл жерде нақтылай кететін ең басты нәрсе, елімізде негізінен кәсіпкерлердің басым бөлігі заңды түрде жұмыс істейді. Сондықтан олар көлеңкелі бизнеске барады деп ойламаймыз. Керісінше, біздің мақсатымыз - соларды ынталандыру. "Көлеңкеде" болмай, ашық жұмыс істеуіне жағдай жасау", - деді министр.

Министр шағын және орта бизнеске түсетін салық жүктемесі 1-4% екенін еске салды. Оның айтуынша, бұл көп көрсеткіш емес.

"Сондықтан біз керісінше, кәсіпкерлерді көлеңкелі экономикадан ашықтыққа көшіруге тырысамыз. Олар кез келген ыңғайлы схемаларды пайдаланып, солармен жұмыс істей алады. Ол үшін цифрландыруды енгізіп жатырмыз. Олардың заңды бұзбай жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бар".
Ерұлан Жамаубаев
Сонымен қатар министр кейінгі 3-4 жылда көлеңкелі бизнес үлесін 27-ден 18,8%-ға дейін қысқартқанын айтты.
15 қаңтар 2024 ж. 267 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031