Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталуы мүмкін

Микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталуы мүмкін

Шекаралардағы артық тосқауылдарды алып тастау және көлеңкелі экономиканың жолын кесу бойынша елімізде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Алдағы уақытта тауарларды толыққанды режимде қадағалаудың Ұлттық жүйесі іске қосылмақ. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгінде ел аумағындағы 9 авто және 1 теміржол өткізу пунктін модернизациялау басталды.
«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, министрлік ірі бизнестің горизонталды мониторингі бойынша пилоттық жоба жүргізуде. Капиталды шетелге шығаруға қарсы және экономиканы деофшорлау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде», - деді Жамаубаев.

Сондай-ақ, министр былтыр салықтық тексерулерге енгізілген үш жылдық мораторийдің кері әсерін де тілге тиек етті. Оның айтуынша, көп кәсіпкер мұндай шараны өз пайдасына көрген.

«Үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Жалпы, ұсынылып отырған шаралар мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді», - деп нақтылады министр.

Үкімет отырысында Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының маңызды тетіктері де баяндалды.
«Квазимемлекеттік сектор компанияларының бірінші басшыларының жауапкершілігін нормативтік тұрғыдан қарастыру ұсынылады. Жауапкершілік даму жоспарларында стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін, оның ішінде квазимемлекеттік компаниялардың шығынға ұшырауына жол бергені үшін көзделетін болады», - деді ведомсвто басшысы.
02 қыркүйек 2021 ж. 536 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930