Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жасыл нәски» жарылқамайды

«Жасыл нәски» жарылқамайды

Соңғы кездері мотивация беретін коучтар қаптады. Ол өзіңіздің білгеніңізді өзіңізге қайтарып, санаңызға құяды. «Жасыл нәски» деген де солардан шыққан болатын. Бұл сарында жақында елде кино да түсірілді. Қиылған видеоларын көрген талайы қалаға арнайылап сол фильмді көруге барып еді. Расында мұның қандай құдіреті бар?
Күн ұясына енді еніп жатқан кез. Алаңсыз ойын қуалап жүргенде алыстан анамның «бақшадағы көк жуаны үзіп әкелші» дегенін ести сала баққа қарай жүгірдім. Айнала жап-жасыл. Көк жуаны таппай әлекпін. Сөйтсем көгі «жасыл» дегені екен. Иә, бұл екі түстің ара жігін ажырата алмай талай миға салмақ түскен-ді. Себебі, ақ бұзауды – көк бұзау, қаймағынан айырылған сүтті – көк, одан қалды көк шайы бар. Ал оның түсі болса – жасыл. Бұл сауал жалғыз мені емес, көпшілікті де қызықтырған сыңайлы. Осы біз жасыл шөпті – көк шөп дейміз де, неге жасыл допты көк доп деп атамаймыз? Бұл алдымен көк Тәңірі ұғымына келсе, түс ажырата алмады да пайым деп көрдік. Мұны дінмен байланыстыратындар бар. Мұның негізі қайда жатыр?
Жалпы соңғы кездері жасыл түске көп құмартып кет¬кендейміз. Алдыңғы жылдары жасыл балауыз жағып, байып кететін «күшті» техника шыққан-ды. Бұл да біраз талқыға түсті. Артынша тынышталды. Алайда жасыл шұлықтың жыры біте қоймады. Одан қалды үй¬дің қоршауын жасыл түске бояу «хитке» айналды. Көбіне мұсылман түс деп те атап кеткен. Ал көпшілік жасыл түстің долларға пайдаланылуы тегін емес дейді. Эзотерика іліміне сәйкес, қарыздан құтылғыңыз келсе, жасыл нәски киіп жүріңіз дегенді алға тартады. Жұмысқа тұра алмасаңыз да гардеробта жасыл түсті көбейтіңіз. Омыртқа ауырса, белге жасыл жіп байлауға да болады екен. Бір қызығы соңғы ақ¬шасына болса да жасыл шұлық алуға бекінгендер бар.
Жасыл түсті Исламның түсі дегені жайлы нақты дәлелдер жоқ. Тек Алла елшісінің үстінде жасыл шапаны болғаны айтылады. Бұл түске құрметпен қарауға тағы бір себеп бар. «Инсан» сүресінің 21-аятында «Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады» делінген. Бір риуаяттарда Пайғамбарымыздың жасыл сәлдесі жайлы айтылған. Ол сәлде бүгінде Стамбұлдағы Топкапы мұражайында сақтаулы екен. Негізінде сүннет бойынша ақ түсті қиінген абзалырақ дейді дін өкілдері.
Әрине, жасыл түсті киімді сүннет ретінде киюге болады. Алайда сол арқылы табысқа кенелемін деген – қате пікір. Жасылға қатысты дінде біршама аяттар мен Пайғамбардың ха¬дис¬терінде айтылады. Алла Тағала Құранның «Кәһф» сүре¬сінде «Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жәннаты бар. Олар онда алтын білезіктермен безенеді. Олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де, онда кереуетке сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын» делінген. Барлық жақсылық та, жа¬мандық та бір Алладан. Жасыл түсті киім кию арқылы байып кетемін, кимесем кеміп қаламын деп ойлау – қате ұғым. Байлық та, басқасы да пендеге сынақ үшін берілген.
Әлгінде айтқан «көк» сөзін жасылға балау туралы біршама жауап іздедік. Аспан, шөп, бұзау – көк. Ал жасыл көзді адамға – көккөз деп айтады. Тәңірден, аспаннан келген – жасыл, ақ және көк заттың бәрі де «көк» деп аталады. Ол – Алладан, Көктен түскен дегенге саяды. Көк түс – қазақтың бағзы заманынан, дінінен, тілінен қалған қазына. Ал жаңа айтқан жасыл добың, ол – жасыл. Себебі ол Көк Тәңірінен емес, адамның қолынан боялған дүние екен. Ал ендігі пайым мүлдем басқаша. Бұрындары қазіргідей түрлі-түстер болмаған. Белгілі бір 5-6 ғана түсті біледі. Ыңғайы келсе сонымен сәйкестендіріп атаған. Мәселен, жасыл түске – көк жақын, ал қызғылтты – қызыл деген секілді.
Ал зерттеушілердің болжамы бойынша, жасыл түстің түбірі «жас» деп таниды. Мұнда о бастан-ақ заттық не сындық, сипаттық мағына болған. Жас сөзінің бастапқы шыққан мағынасы «жаңа шыққан көк, өсімдік» деген мағынада. «Жас» сөзінің жаңадан көгеріп шыққан өсімдікті білдіретін мағынасы өсіп келе жатқан балаға, одан кісінің өмір сүру жыл санына ауысқан.
– Күнделікті өмірде біз мән бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, білімі¬ңізді, ерекшеліктеріңізді, міне¬зіңіз¬ді сіз жиі қолданатын түске қарап-ақ байқауға болады. Жасыл түс – еркіндікке деген жігерліктің, табандылықтың, мақсаткерліктің нышаны, – дейді психологтар.
Жасыл түс зат алмасу процесін бәсеңдетіп, тыныштандырады. Егер адам шаршаса табиғат аясында серуендеп, жасыл желекті жерге барса бойы тыншиды. Бұл түстің емі де бар. Яки адамның шектен тыс ашуға бой алдырмауына септігін тигізеді. Дегенмен, түс арқылы емдеуге болса да, ол арқылы пайда табу – санаға қонымсыз. Себебі адам өзі еңбектенуі керек. Мәселен, жасыл түсті жейде киіп үйде жатсаңыз, осы кезге дейін барлығы дерлік байыр еді ғой. Сол үшін бұл түс бізге тек мәліметтерді қабылдауға ғана көмектеседі. Эмоцияға әсер.

Түйін

Дінде құрметті, халық санасында «көк» болып жаңғырған түс – Шрек түстес киімді шырттай боп киінуге тірелмейді. Тегін ірімшік – тышқан аулайтын қақпанда ғана. Ал аспаннан ақша жаумайтынын ескерсек, жасыл түспен баю – бос сөз.
Айнұр ӘЛИ
09 қаңтар 2024 ж. 277 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031