Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсібилігі жоғары Жеткербай

Кәсібилігі жоғары Жеткербай

Токарь – жұмысшы адамның мамандығы. Бұл ағаштан, металдан, шыныдан, пластмассадан және тіпті шайырдан белгілі бір бөлікті жасау үшін айналмалы дайындамаларды өңдейтін маман. «Бұрандалар, гайкалар мен болттарсыз кез келген бір машинаны немесе қандай да бір жабдықты елестету қиын. Механизм дұрыс істеу үшін, осы болттар мен гайкаларды асқан дәлдікпен қырнап, жону керек», – дейді бізбен әңгіме барысында «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің токары Жеткербай Мадреимов.
Жеткербай Мадреиұлы бір салада тапжылмай жұмыс атқарғанына жарты ғасырдан аса уақыт болды. Оның айтуынша, өмірде дәлдікке үйрену үшін токарь білімін алу керек екен. Тек сонда ғана механизмді іске қосу міндетті түрде жүзеге асады. Токарь мамандығы бізге адамдар металлға немесе тасқа қайрау және кесу арқылы қажетті пішінді беруге тырысқан ежелгі дәуірден келген. Алғаш токарьлық станок біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың басында пайда болды. Онда екі адам жұмыс істеуге тиіс болды – бір адам бөлшек бекітілген механизмді іске қосса, екіншісі қажетсіз материалды кесіп, бұйымға дұрыс пішін беріп отырды. Бұл процесс көп еңбекті қажет ететін және көп уақытты алатын.
– XVI ғасырда су дөңгелегін ойлап тауып, онымен анағұрлым қатты материалдар жонылатын. Тек ғана ХІХ ғасырда алғашқы электр токарьлық станок жасалып, токарьлардың еңбегі жеңілдеді, – деп бір күрсінді жетпіс жасты алқымдаған Жеткербай аға.
Өз ісінің шебері токарь – жай ғана техникалық мамандық емес дегенді алға тартады. Бұл нағыз қолөнер, тіпті өнер шебері. Тек маман ғана өрескел кесілмеген кесектен құрылғыға арналған бөлікті жасай алады. Сол себепті де осы уақытта бұл мамандық иелері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.
– Қазір бағдарламалық басқаруы бар заманауи автоматтандырылған станоктар шығарылуда. Оларда токарь санаулы минут ішінде жеке өлшемдер бойынша бөлшектерді жона алады. Станокта әртүрлі бетті, ұштық жазықтықты өңдеу және бұрғылау, сондай-ақ металл және басқа да материалдарды дайындама ретінде қолданып, бұрау, өлшеу, калибрлеу жұмыстарын орындайды. Ол кесу жылдамдығы мен тереңдігін анықтайды немесе нақтылайды. Материалдың қасиеттері мен кескіштің конфигурацияларын ескеріп, кесу құралын таңдайды. Оны бекітеді және орнатады. Осы реттілікпен өңдеу процесі реттеледі, – дейді Жеткербай Мадреиұлы.
Бүгінде Жеткербай аға егіс алқабында күн-түн дамылсыз жұмыс істейтін техникалардың кеткен бөлшектерін өңдеп, жонады. Көмек сұрай келгендердің көңілін жықпайды.
– Біздің ауыл ұлы жолдың үстінде тұрғандықтан көліктер толастамайды. Сондайда күтпеген жағдайлар кездесіп жатады. Мәселен, бір жылдары Бозкөл ауылына бүтін бір отбасы Жәлен атаның "Қара дүкеніне" арнайылап келіп, ем-дом алған. Қайтарында түн жарымында көлігі бұзылып, маған жолықты. Қай жері істен шыққандығын демде тауып, оңдап бердім. Қуанышқа толы алғысын білдіргенде төбем көкке бір елі жетпей қалды. Қай кез болса да, осындай көмек қолымды созудан бас тартқан емеспін.
Жұмыс өтілінің және кәсібилік деңгейінің өсуіне байланысты токарь өз дәрежесін 2-ші ден 6-ға дейін өсіре алады. Техникалық білім токарьлар тобының бастығы, цех бастығы лауазымына дейін мансаптық өсуге қосымша мүмкіндіктер береді. Жастар қазір ауылдан жыраққа кеткенді қалап тұрады. Қазір атқарып жүрген ісімді білгісі келетін жандарға барлық қажетті білім мен дағдыларды үйретуге және өз ісінің нағыз шебері – токарлық істің шебері болуына көмектесуге әзірмін, – деді өз ісінің шебері.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА




26 желтоқсан 2023 ж. 275 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930