Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылуы мүмкін

Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылуы мүмкін

Қазір тікелей әуе қатынасы уақытша тоқтап тұр
Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылуы мүмкін
Фото: istockphoto.com
Қазақстан мен Армения арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесі қайта көтеріліп жатыр. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, бір кездері Армениямен тікелей әуе қатынасы болған, алайда қазір уақытша тоқтап тұр.
«Өйткені Ереван әуежайында қызмет көрсету тарифі өте қымбат. Қазір бір адамға 65 доллар, ал бір тонна әуе керосині 1248 долларға жетеді. Бүгінгі таңда мұны субсидиялау мәселесі қаралып жатыр», - деді Жұманғарин Ақорда кулуарында.
Қазақстандық Scat, Fly Arystan компаниялары әуе рейстерін ашуға дайын, дейді вице-премьер.
Естеріңізге салайық, 20 қараша күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін Ақордада мәртебелі мейманды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.



21 қараша 2025 ж. 159 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 143

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 142

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031