Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті

«Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аймақ жастары арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында «Есірткіге қарсы – Әзіл» атты облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті.
Шараға жоғары оқу орындарының студенттері, колледж және мектеп оқушылары қатысып, әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселеге назар аударды. Командалар үш кезең бойынша бақ сынады:
– «Сәлемдесу»;
– «Сұрақ-жауап»;
– Есірткіге қарсы арнайы тақырыптық бөлім.
«Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті
Фестиваль жастардың креативті ойлауын дамытып, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Бағалау үдерісі арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауымен жүргізілді. Құрамында:
• ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент бастығы Асхат Абилдаев;
• Департамент бастығының орынбасары Фархат Иманғалиев;
• Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің басшысы Ернұр Бихожаев;
• Ардагер жайдарманшы, «Қорқыт» құрамасының ойыншысы Асылхан Дүкенбаев;
• КВН Одағы РЖҚБ Қызылорда филиалының директоры Нұрлан Сипанов бар.
«Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті
Фестиваль қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:
III орын — BRAND командасы (еркін құрама), 100 000 теңге;
II орын — AMG командасы (Айым өнер мектебі), 150 000 теңге;
Үздік ойыншылар — Бағымжан мен Әмина;
I орын — «Матриархат» командасы (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті), 200 000 теңге.
«Есірткіге қарсы – Әзіл» тақырыбында облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті
Жастардың әзіл арқылы салмақты мәселеге ой салған бұл шарасы тәрбиелік мәнімен ерекшеленіп, қатысушылар мен көрермендерге жағымды әсер қалдырды.
21 қараша 2025 ж. 49 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930