13-ші жалақы қандай жағдайда төленеді
Фото: freepik.соm-Сыйақы мен басқа да үстемақы төлеу тәртібі ұжымдық немесе жеке еңбек шартында нақты жазылуы тиіс. Егер еңбек шартында қарастырылмаған жағдайдың өзінде қызметкерлер сыйақы немесе 13-ші жалақы төлеуді сұрап жүгіне алады. Алайда, басшылықтың бас тартуға құқығы бар. Қызметкерлер басшылықтан талап ете алады, бірақ оған басшылық бара ма? Ұйымның мұндай қаржылық мүмкіндігі бар ма, мәселе осында, — деді Мейрамбек Ахметов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, еңбек инспекциясы комитетінің басшысы сыйақы мәселесіне қатысты бөлек жауап берді. -Еңбек дауының басым бөлігі дәл осы сыйақы төлеу мәселесі бойынша туындайды. Қызметкерлер басшылықтан жыл соңына немесе белгілі бір мерекеге төлеңіздер деп сұрайды. Ал кәсіпорын әкімшілігінде ондай қаражат жоқ, бюджетте қарастырылмаған немесе мүлдем болмайды. Осыдан еңбек дауы шығып жатады – дейді ол.











