Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда құрылыс қарқынды

Қазалыда құрылыс қарқынды

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы жұмыс сапарымен Қазалы ауданына арнайы келіп, бірқатар нысандарды аралады. Сондай-ақ аудандағы жолдың жайымен танысып, жаңа мектептің құрылысын көрді.
Қасиетті өлкенің тыныс-тіршілігімен танысуға келген Балмейір Сансызбайұлы алдымен Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан 250 орындық мектеп құрылысына барды.
Достық көшесінің бойында бұрынғы №170 мектептің орнынан бой көтеріп жатқан білім ордасының құрылысын «SCS Инжиниринг» ЖШС құрылысшылары жүргізуде. Облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтіп, мектепті уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң Әйтеке би кентіндегі Әл-Фараби көшесіне ат басын бұрып, асфальтталып жатқан көшенің жайына қанық болды. Жоба құны – 16,2 млн теңге болатын көшенің жұмысын мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС атқарып жатыр.
Қазалы қаласы мен аудан орталығы Әйтеке би кенті аралығында тағы бір қарқынды құрылыс бастау алмақ. Ол – халықтық әлеуметтік осал топтарына тұрғынжай сатып алу мақсатында тұрғын үйлер салынуы. Құрылыстың жоспарымен танысып, сәттілік тілеген облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы тұрғын үйлердің алғашқы қазығын қақты.
Биыл Қазалы қаласындағы 15 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүретін болады. Қазір соның төртеуінде қызу құрылыс жүріп жатыр. Балмейір Сансызбайұлы жолдың сапалы болуына және уақытылы аяқталуына баса назар аудару қажет екенін айтты.
Мұнан соң «Қарлаң» көпірі құрылысының басына барып, мердігермен жолықты. Негізі Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы төрт жолақты жолды жөндеп жатқан дәл осы «Қарлаң» көпірі құрылысын жасап жатқан мердігер. Облыс әкімінің орынбасары ол мәселенің жайынан да хабар алды. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, екі аралықтағы жол биылғы жылдың шілде айының соңына дейін толық аяқталады.
Аудан бойынша биылғы жылы жүргізіліп жатқан жол құрылыстары қатарында «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аралығының орташа жөндеуіде бар. Балмейір Сансызбайұлы қызу шаруаның басына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты.
Облыс әкімі орынбасарының Қазалыға жұмыс сапары кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Пахуадин Шамұратов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш,
аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов және тиісті бөлім басшылары бірге жүрді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат



18 сәуір 2023 ж. 311 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 142

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031