Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қазалы ауданына барды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жұмыс сапарымен ауданға арнайы келіп, бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Қасиетті өлкенің тыныс-тіршілігімен танысуға келген Серік Салауатұлы ең әуелі жеке кәсіпкер З.Жалмағанбетованың көмір қоймасына барып, алдағы жылу беру маусымына дайындығын көрді.
Мұнан соң Әйтеке би кентіндегі салынып жатқан 250 орындық мектепке аялдап, құрылысқа жауапты мамандарға жұмыс қарқынын күшейтіп, нысанның құрылысын тез арада аяқтауды тапсырды.
Серік Салауатұлы аудандық маңыздағы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы төрт жолақты жолға да ат басын бұрды. Мұнда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жол құрылысын күнделікті бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
Бұдан кейін Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйіне табан тигізген облыс әкімінің бірінші орынбасары ғимаратты тез арада іске қосу қажет екенін және нысанның аудан халқы үшін маңызды екенін тілге тиек етті.
21 қыркүйек 2023 ж. 181 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30