Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейтой қарсаңында бірқатар нысандар пайдалануға берілмек

Мерейтой қарсаңында бірқатар нысандар пайдалануға берілмек

Санаулы күндерден кейін Қазалы ауданының құрылғанына 95 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілмек. Мерейтой қарсаңында ауданда бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан орталығындағы құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі отырған әлеуметтік нысандарды аралап, мерейтойға дайындық барысын көрді.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентіндегі 220 адамға лайықталып салынған қоғамдық моншаның жұмысын көрді. Кәсіпкерлік нысан тұрғындар үшін барлық талаптарға сай жабдықталып, бүгінде пайдалануға дайын.



Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы «Жалаңтөс баһадүр» атындағы орталық стадионға барып, аудан өнерпаздарының мерейтойға дайындық барысында пысықтады. Сонымен қатар
Әйтеке би кентіндегі «Отбасын қолдау орталығының» жаңа ғимараты мен «Достық» көшесінде бой көтерген 250 орындық мектептің жай-күйін көріп, аталмыш нысандарды мерейтой аясында пайдалануға берсек аудан тұрғындарына үлкен сый болатынын жеткізді.
#Қазалы
#95жыл

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

03 қараша 2023 ж. 309 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 32

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 37

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031