Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп жанындағы интернат пен студенттік жатақхананың мониторинг жүргізілді

Мектеп жанындағы интернат пен студенттік жатақхананың мониторинг жүргізілді

Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков бастаған комиссия мүшелері «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде аудан орталығындағы колледж жатақханалары мен мектеп жанындағы интернаттардың жағдайымен танысып, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Ең алдымен аманаттықтар Қазалы көлік-техникалық колледжінің жатақханасын көруден бастады. Мониторинг барысында колледж қызметкерлері студенттер үшін қажетті жағдай жасалғанын, арнайы компьютерлік бөлмелер мен спорт залдың жұмыс жасайтындығын жеткізді. Сондай-ақ халық қалаулыларына ғимаратқа жөндеу қажеттігін де тілге тиек етті.

Мұнан соң комиссия мүшелері №70 орта мектебінде болып, мектеп жанындағы интернаттың жұмысымен танысты. Өз кезегінде аманаттықтар білім алушылар үшін жағдай толықтай жасалуы қажеттігін айтса, мектеп басшылығы қолданыстағы асханның тар екенін және интернатқа күрделі жөндеу қажет екенен тілге тиек етті.


Айта кетейік, мониторинг жұмыстарына аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері Нұркен Ботабаев пен Ерболат Мұхаш қатысты.

#AMANAT
30 қараша 2023 ж. 320 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031