Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманаттықтар студенттік жатақханалардың жағдайымен танысты

Аманаттықтар студенттік жатақханалардың жағдайымен танысты

Бүгін аманаттықтар аудандағы колледж жатақханаларының жағдайымен танысып, партиялық бақылау құрамымен мониторинг жүргізді. Партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, филиал Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков ең алдымен Қазалы көлік-техникалық колледжінің жатақханасын көруден бастады.

Колледж директоры Болат Ахметов жатақхананың жағдайы жайлы айтып берді. Ол өз сөзінде студенттер үшін қажетті жағдай жасалғанын, сондай-ақ арнайы компьютерлік бөлмелер мен спорт залдың жұмыс жасайтындығын жеткізді. Және халық қалаулыларына ғимаратқа жөндеу қажеттігін де тілге тиек етті.Аманаттықтар барған екінші жатақхана Қазалы аграрлы-техникалық колледжінікі болды. Мониторинг барысында «AMANAT» фракциясының мүшелері студенттермен пікірлесіп, білім алушылардың жақсы жағдайда оқуына еш кедергі жоқ екенін анықтап, колледж басшылығына бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ жыл сайынғы дәстүрлі мониторинг жұмыстары алдағы айларда да жалғаса беретіндігін жеткізді.

#AMANAT
14 қыркүйек 2023 ж. 310 0

2026 жылы зейнетақы 10%-ға өседі

22 желтоқсан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031