Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел штаб мүшелері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жедел штаб мүшелері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді

2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы кезіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі штаб мүшелері аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Басықара, Қ.Пірімов ауылдарында болып, көмір қышқыл газдан және табиғи газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігінің сақталуын түсіндіріп, әдістемелік жадынамалар таратты.
Штаб мүшелері жылу беру техникаларын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды оның ішінде, мұржаларды үнемі тазалап, тексеріп отыру, газ тұтыну жабдығын пайдалану кезінде улы газ тарағанда газ беруді өшіретін автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторларды орнатуды, газ плиталарына ойын балаларын жібермеуді ескертті.
Сонымен бірге, газ тұтынатын бөлмелерде желдеткіштер (воздух) орнатып, олардың үнемі ашық болуы қажеттігін жеткізді. Себебі кездесу барысында тұрғындар газ тұтынатын бөлмелерде желдеткіш болғанымен оны бітіп тастағанын және өшіретін автоматикасы бар дабылқаққыш сигнализаторлар орнатылғанымен олардың ток көзінен ажыратып қойғандарын мойындауда.
Өрт қауіпінің орын алу себептерінің бірі электр тогын пайдалануда бір ток көзіне бірнеше құрылғыны бірмезетте қолдану және ұялы телефонды ток көзіне қосып ұйықтау, қараусыз қалдыру салдарынан орын алу ықтималы басым.
Сол үшін отбасымыздың амандығы үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтануды ұсынамыз!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
04 қараша 2023 ж. 103 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30