Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды

Өрт қауіпсіздігін сақтау маңызды

Бүгінгі күні елімізде өрт кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Жалпы, қай уақытта болмасын өрт шығу факторлары қоғамдағы түйткілді мәселе болып табылады. Оның негізгі себептерінің бірі – көгілдір отынды пайдалану барысында тиісті ережелерді сақтанбаудан орын алып жатады. Осындай апаттардың алдын алу мақсатында жақында ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында жылу маусымы кезіндегі тұрмыстық газдан уланудың және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша брифинг өтті.
Брифингте аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары Шапағат Ермекбаев – 2022-2023 жылы жылу беру маусымында 778 отбасыға көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы датчик орнатылғанын, сондай-ақ, 11024 тұрғын үй секторының ауласы араланып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілгенін айтты.
- Жылу беру маусымы кезінде қатты отынмен жылытылатын тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан өрт оқиғалары және көмірқышқыл газынан улану фактілері жиі орын алады. Осыған байланысты жылу беру маусымына дайындық кезеңінде аудан тұрғындарымен 27 рет кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, - деді Шапағат Нұржанұлы.
Ескерген жөн, жылу беру маусымы кезінде пештердің қауіпсіз болуы үшін мұржаларын ай сайын тұрақты түрде тазалап, жанына жанғыш заттарды қоюға болмайды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қаңтар 2023 ж. 301 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930