Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітапхана іші – кемелдіктің тұсы

Кітапхана іші – кемелдіктің тұсы

«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын», – деп жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев айтқандай, кітапханашы кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағымен қатар, көңіл шуағын да шашып, мейірімді жүздерімен өздеріне бірден баурап алады. Сондай жандардың қатарында Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің кітапхана меңгерушісі Эльмира Ақниязова да бар.
Бүгінде өз саласы бойынша білікті де білімді маман ретінде көзге түсіп жүрген Эльмира Саймаханқызы Қазалы ауданына қарасты Арықбалық ауылдық округінде дүниеге келген. Шәкендегі сегіз жылдық мектепте 9 сыныпты, Шиелі ауданы, Жөлек поселкесіндегі №152 қазақ орта мектептен 11 сыныпты бітіріп шықты.
1994-1996 жылдары Қызылорда қаласындағы Ауылшаруашылық техникумынан «Бухгалтер-экономист» мамандығын, 2004-2009 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын, 2014 жылы Қызылорда қаласындағы Болашақ университетінен «Кітапхана ісі» мамандығын меңгерді.
2006 жылы Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектепке кітапханашы болып орналасып, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін аталған білім ордасында кітапхана меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі 25 жыл, кәсіби қызметі бойынша -17 жылдан асқан. Эльмира Саймаханқызы жары Мұхтар Молдабайұлымен үш ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Ұлдарына тәлімді тәрбие беріп, ата-аналық борышын абыроймен атқарып отырған құтты шаңырақтың отанасы.
Жолдасы Мұхтар Ақниязов Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде аға шебер болып жұмыс жасайды. Үлкен ұлдары Нұрсұлтан Мұхтарұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі таңда Қазалы ауданындағы Жастар ресурстық орталығында инспектор.
Ортаншы ұл Мағжан Мұхтарұлы Шымкент қаласындағы Шымкент университетіне түсіп, 2022 жылы «Информатика» мамандығы бойынша бітірген. Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектепте жастар практикасымен жұмысқа келіп, өзінің жұмысқа деген жауапкеркершілігі мен білімділігін көрсете білді. Нәтижесінде, 2022 жылдың маусым айында ЭЕМ операторы қызметіне қалды. Кенжесі Аслан Мұхтарұлы №70 орта мектептің 7 «А» сыныбында оқиды.
Эльмира Саймаханқызы жан-жақтылығы мен ізденімпаздығы ерекше жан. Үнемі Білімін жетілдіріп отырады. Түрлі байқауларда бақ сынап, жетістіктер қоржынын жиі толықтырып отырады. Эльмира Ақниязова мектеп директорының, Қазалы ауданы әкімінің, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасының, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директорының, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасының, аудандық білім бөлімінің басшысының, Қызылорда облысының білім басқарма басшысының, облыстық Аманат партиясының және облыстық «Сыр медиа» ЖШС директорының «Алғыс» хатын иеленді. «Үздік кітапханашы – 2022 жыл» аудандық үздік кәсіби байқауында бірінші орынды жеңіп алды.
– Мен мамандығымды мақтан етемін. Әр адам қанша жетістікке жетсе де, оқып-білу ешқашан артқтық етпейді. Ал бұл ретте кітаптың пайдасы орасан зор. Кітапхана – киелі мекен. Осындай құтхнада қызмет етіп жүргеніме ризамын, – дейді Эльмира Саймаханқызы.
Мамандығын сүйген кейіпкеріміз «Ұлы дала 1000 игі іс» қайырымдылық жобасы аясында «Әйел, қыз, ана – өмірдің, жарықтың, жылулық пен махаббаттың көзі» атты мерекелік акцияда үшінші орын иегері атанды. Қазақстандағы бүкіләлемдік жазушылар күніне орай өткізілген «Бір ел – бір кітап» тақырыбындағы буктрейлер байқауына қатысып, белсенділік танытқаны және оқушыларды кітапсүйгіштікке, патриоттық, рухани жағынан қалыптасуына атсалысқаны үшін Баишев университетінің «Алғыс» хатын алды. Білім ордасында кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуде кәсіби шеберлік көрсетіп, шығармашылықпен жұмыс жасағаны үшін мектеп директорының «Мадақтамасын» иеленді. «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының сәуір айындағы «Мақатаев оқулары» конкурсына шәкірт бойындағы дарынды шыңдауға ат салысып, білім саласына қосқан үлесі үшін «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының «Алғыс» хаты берілді. «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының сәуір айындағы «Мақатаев оқулары» конкурсына өз шәкірттерін белсене қатыстырып, Мұқағали шығармаларын, әдеби мұраларын дәріптеу, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиеттерді насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазіргі педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттауға қосқан орасан еңбегім үшін «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының «Құрмет грамотасын» иеленді. Қызылорда қаласындағы Өңірлік оқу орталығында 2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында «Мектеп кітапханалары: жаңа технологиялар мен ақпараттық ресурстар» тақырыбы бойынша 40 сағаттық біліктілік арттыру семинарын нәтижелі аяқтағаным жөнінде орталық директорының және Қызылорда облыстық оқу орталығы ұйымдастырған «Кітапхана – озық тәжірибе зертханасы» тақырыбындағы тәжірибе алаңына қатысып, «Кітап –тарих, кітап-шежіре» тақырыбында жұмыс көрсеткені үшін орталық директорының сертификатын алды. Кітапхана меңгерушісі Эльмира Ақниязованың шәкірттері шыққан шың өз алдына бір бөлек мақалаға арқау болар дүние.
Рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгіні ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. Осындай мәртебелі мамандықты меңгерген жанды мереке қарсаңында құттықтай барып, қиын әрі қызық кітапханашы жұмысының қыр-сырына қанығып қайттық.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 қазан 2023 ж. 184 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 48

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 49

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 52

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031