Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мейрам да мейрам бар, тойлануы бір бөлек

Мейрам да мейрам бар, тойлануы бір бөлек

Қызығы, біз той тойлатып, думандатуды, қарын тойғызуды, шеруге шығуды мереке деп түйсінеміз. Бірақ оның тарихына бойлауды ұмыт қалдырып жатамыз. Ал шындығында мерекелердің астарында идеология жатыр. Ал оны идеологиялық құралға айналдыру үшін дұрыстап тойлаған ләзім. Бірақ қалай?
Рас. Бүгінге дейін ұлттық мерекені сол баяғы сарынмен тойладық. Бітпейтін конференциялар, толассыз жиналыстар және тағысын тағылар. Ал былтырдан бастап ұлттық мерекені тойлауда түрлі форматтағы шаралар қолға алынып жатыр. Дегенмен қайта жаңғырған мерекеге жаңа дем керек сияқтанады. Қоғам тез қабылдаған уақытша мерекелердің тасасында қалмас үшін мереке туралы ой түсінігімізді дұрыстап қалыптастырған жөн секілді.
«Әр елдің салты басқа» демекші, республика күнін әр ел түрліше тойлайды. Былтырдан бастап ұлттық сипатқа ие болған ұлық мерекені сән-салтанатпен атап өту өзгеше көрініс таба бастады. Күнтізбеде ерекшеленген бұл күн саяси мән-мағынасын иемденгеннен бері жұртшылықтың бұл мерекеге деген көзқарасы өзгергендігі байқалады. Расын айту керек, бұрын бұл күннің аталып өтілуі мазмұны жағынан тәуелсіздік мерекесімен бір секілді болып көрінгенімен, ал қазір ұлттық сипатқа еніп, ерекше маңызға ие болды. Содан да болар «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, ұлттық мерекенің де тойлануды да өзгеше. Бұрынғы бір сарынды шаралардың орнын жаңа дүниелер алмастырған. Нақтырақ айтқанда, қазақы болмысымызды айшықтайтын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, салт-дәстүрлерімізді насихаттайтын іс-шараларға басымдық берілген. Көпшілік бұл күнді көтеріңкі күймен атап өтеді. Әрине, бұл дұрыс. Бірақ жасалып жатқан дүниелер жай қуаныш тұрғысынан емес, өскелең ұрпақты отаншылдыққа, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулуды мақсат тұтуы керек. Сонда ғана ұлтымыз көптен күткен ұлық күннің ғұмыры ұзақ болмақ.
Шынын айту керек, ұлттық идеяны ұлықтауда мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің рөлі зор екені мәлім. Сондықтан әрбіріміз ұлттық, қоғамдық маңыздағы мерекелер елдің мәдениетін дамытумен қатар халықтың рухани құндылықтарын да жаңғырта түсетінін қаперден шығармауымыз керек. Яғни еліміздің саяси-мәдени өміріндегі елеулі жетістіктерін ескеру арқылы да аталмыш күннің сипатын еселеп, айшықтауға атсалысуымыз қажет. Былтыр осы ойды Ұлытауда өткен алқалы жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде тұздық еткенді.
–Биылдан бастап Республика күні – ұлттық мереке. Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан осы мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ», – деген еді Мемлекет басшысы.
Респблика күнінің 25 қазанға белгіленуінде де үлкен мән бардай. Халқымызда «шөжені күзде сана» деген ұғым бар. Молшылық пен береке беретін мезгілмен тұспа-тұс келуі жақсылыққа меңзеп тұрғандай көрінеді. Оның үстіне бұл уақыт көптің бақыт пен байлыққа кенелетін мезеті. Ал мұндай уақытпен орайлас келген мерекені жай ғана атап өтуге болмайды. Керісінше қайта түлеген ұлық мерекені торқалы тойға ұластырып, ұлттық болмысымыз бен рухымызға сай келетін төл өнерімізді төрге шығарып, ұлттық спортымызды қайта жаңғырта отырып, тойлағанымыз абзал.
Арайлым ЖҮСІПОВА 
24 қазан 2023 ж. 205 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930