Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмады

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмады

Аудан орталығы - Әйтеке би кентіндегі Төремұрат жырау, Ә.Марғұлан, Жетес би және Р.Бағланова көшелерінің тұрғындары біршама уақыттан бері электр жарығының жиі өшетіндігін айтып, аудан басшысынан осы мәселенің оң шешімін тауып беруін сұраған болатын. Бүгінгі таңда тұрғындардың осы тілегі ескерусіз қалмады.
Бүгін аталмыш көшелерге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, трансформатор қондырғыларын орнату жұмыстарын көрді.
Жұмыс барысын көрген аудан басшысы мекеме қызметкерлеріне тұрғындар үшін электр желісін тұтынуда ешқандай қиыншылық болмау керектігін жеткізді. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болу керектігін ескертті.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кенті, Ж.Нұрмұхамедұлы көшесінің бойынан салынып жатқан қоғамдық монша құрылысында көрді.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толықтай аяқталуға жақын. Моншаның киінетін, жуынатын, бу бөлмелері арнайы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықталған. Кәсіпкерлік нысан Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына қарсы пайдалануға берілмек.
"Қазалы"ақпарат
19 қазан 2023 ж. 183 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930