Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыс сапасы жіті бақылауда

Жұмыс сапасы жіті бақылауда

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Т.Бөріқұлақов, Қобыланды батыр және Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшелерінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді.
Қазіргі таңда көппәтерлі тұрғын үйлердің шатыр жабыны толықтай алынып, жаңадан темір жабындыларын жабу, тұрғын үйлердің қас беттерін әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарын көрген аудан басшысы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов пен мердігер мекеменің жауапты қызметкеріне жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тапсырды.
Ал, көпқабатты үйлердің тұрғындары болса, жасалып жатқан жұмыстар үшін аудан басшысына алғысын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, дәл осындай ағымдағы жөндеу жұмыстары Әйтеке би кенті, В.Счастнов көшесіндегі №23 көппәтерлі тұрғын үйге де жүргізілетін болады.
Аудан басшысы мұнан соң Т.Бөріқұлақов пен Қ.Пірімов көшесінің аралығындағы Жанқожа батыр көшесіне жүргізіліп жатқан кеңейту жұмыстарында көрді.
"Қазалы"ақпарат
12 қазан 2023 ж. 200 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031