Қызылорда облысында көмір тапшылығының алдын алу шаралары қолға алынды

Оның айтуынша, алдымыздағы жылу беру маусымына облыс тұрғындарына қажетті көмір қоры – 207,1 мың тонна. Бүгінгі күнге тұрғындардың мұқтаждықтарына қажетті көмір отынының 25% немесе 51,9 мың тоннасы жеткізілген.
"Қазіргі таңда тұрғындарға жеткізілетін көмір қорының кестесі әзірленіп, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қарағанды облысының Шұбаркөл, Шығыс Қазақстан облысының Қаражыра және Павлодар облысының Екібастұз, Майкөбен көмір өндірушілерінен темір жол арқылы тасымалдануда", - деді ол.
Сондай-ақ, облыс аумағында жүк автокөліктері үшін тұрақтары мен жабдықталған алаңдары бар 36 көмір жинақтау орындары жасақталған. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 5, аудандарда – 31.
Бұдан басқа, басқарма тарапынан, көмір тапшылығын болдырмау мақсатында қажетті іс-шаралар қолға алынған. Атап айтатын болсақ, көмір тапшылығын болдырмау және қолайлы бағада алу үшін тұрғындарға осы кезден бастап қамдану қажеттілігі жөнінде әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына хабарламалар берілді. Сонымен қатар көмір тапшылығы салдарынан бағаның өсуін, яғни ортадағы делдалдықты болдырмау мақсатында көмір өндіруші мекемелермен тікелей келісім шартқа отыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
bnews.kz