Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытты балалық ордасы

Бақытты балалық ордасы

Балабақша балдырғанның өсіп-жетілуіне және қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір орын. Барлық білімнің бастауы да осында. Мұнда бала күнделікті жаңа нәрсені танып, біліп, көңілге тоқуы тиіс. Осы ретте аянбай еңбек етіп отырған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің бірі – Әйтеке би кентіндегі «Нұрай» жеке балабақшасы.
Осыдан тура 7 жыл бұрын балақайларға есігін айқара ашқан балабақша қазіргі таңда біршама игілікті іс атқарды деуге әбден болады. Жыл сайын бірнеше бала түлеп ұшып, мектеп табалдырығын аттайды. Қазақстан Республикасы 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшада үш топ жұмыс істейді, 75 бүлдіршін тәрбиеленеді. Балабақшадағы 23 қызметкердің 9-ы жоғары білімді, бірінші, екінші санатты мамандар. Олардың міндеті күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау. Мектепке дейінгі білім беру ордасының іргетасын қалаушы құрылтайшы әрі меңгеруші Лаура Қонысқызы балалардың жан-жақты дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Балабақшада әр топта түрлі ойыншықтар мен дидактикалық, сенсорикалық, қол ұсақ моторикасы, құрылыс материалдарымен, құрастырғыш ойыншықтары, құм және арт терапиясы мен сыртқы ойын алаңдары, спорттық бұйымдар тәрбиеленушілердің толықтай білім алуы мен дамуы үшін қамтамасыз етілген. Әр топта балалар кітап бұрышында халық ертегілерін тыңдап өседі.
Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, балалардың бойына сіңіру мақсатында «Ұлттық асық» үйірмесі іске қосылған. Үйірме жетекшісі Гүлмира Беденова бірінші санатты өте тәжірибелі маман. Әртүрлі асықтан жасалған ойындар балалардың сүйікті ермегі. Заман талабына сай баланың жан-жақты дамып, жетілуін бірінші орынға қоятын балабақша әдіскері Ақтоты Жақсылыққызы бастаған ұжым мүшелерінің барлығы өз ісінің шеберлері.
Нұрайлықтардың жақсы жетістіктері де аз емес. Олардың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің еңбегінің нәтижесі мен біліктілігі және білімділігінің арқасы екені белгілі. Осы орайда былтыр маусым айында Қызылорда облыстық оқу орталығы ұйымдастыруымен «Күннің екінші жартысында балалардың жеке мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимде өткізілген облыстық әдістемелік вебинарында әр топ өз жұмысын көрсетті. Тәрбиешілер өз тәжірибелерімен бөлісті. Әсілінде балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Тәрбие ошағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүргізеді.
Биыл ақпан айында Қазалы ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында ұйымдастырылған «Ойын арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тақырыбында аудандық ашық есік күні өткізілді. Онда ортаңғы топ тәрбиешісі Мәдина Сағындыкова дене шынықтыру оқу іс-әрекетін, ересек топ тәрбиешісі Гүлсім Әбілғазы сурет салу оқу іс-әрекетін, мектепалды тобы тәрбиешісі Алмагүл Мұстафаева сауат ашудан ашық оқу іс-әрекетін ұсынды.
Сондай-ақ психолог Мөлдір Тлеубергенова жеке баламен ата-ананың бірлескен жұмысын көрсетті және «Ұлттық асық» үйірмесі жетекшісі Гүлмира Беденова ұлттық құндылықтарды ерекше таныстырды. Ізденіске толы жұмыстарын жан-жақты дәріптей білген мамандар жоғары деңгейде бағаланды.
Осы жылы «Балаларды қорғау» күніне орай ауданымызда түрлі байқау ұйымдастырылды. Соның бірі шығармашылық асфальтқа сурет салу байқауынан тәрбиеші Гүлсім Әбілғазының жетекшілігімен мектепалды тобы тәрбиеленушісі Раяна Адылбекова қатысты. Асфальтқа сурет салуда елдің көк туын бейнелеп ерекше идеямен, сурет салуда шеберлігімен көзге түскен Раяна бірінші орынды иемденді. Сонымен қоса аудандық балабақшалар арасында ұйымдастырылған «Балдаурен» би байқауында тәрбиеші Алмагүл Мұстафаеваның жетекшілігімен «Балауса» мектепалды тобы тәрбиеленушілері «Қылыш» биімен өнер көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Аудандық жеке балабақшалар арасында ұйымдастырылған ертегі қойылымы бойынша тәрбиеші Гүлсана Айжігітованың жетекшілігімен «Айзере» ересек тобы тәрбиеленушілері «Үш көбелек» ертегі қойылымымен үшінші орынды қанжығасына байлады.
«Ойнамаған бала ешқашан ойламайды» деген қағида бар. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын арқылы тәрбиелеудің пайдасы орасан. Мұндағы білікті мамандар тақырыпты балаға үйрету үшін ізденіс¬тен қол үзбейді. Қазір үлгілік бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан балабақша ұжымы таңертеңнен кешке дейін баланы ойын арқылы тәрбиелеуге көңіл бөліп келеді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
17 қазан 2023 ж. 223 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031